Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауы бойынша облыстық полиция департаменті жаяу патруль жасау режіміне көшті. Департамент басшысы Арман Оразалиевтің айтуынша, бұдан былай ОПД жаяу патрульдеу тәртібіне қылмыстың алдын алу мен ескертудің, сондай-ақ көшелерде және қоғамдық орындарда құқық бұзушылық деректеріне жедел әрекет етудің ең тиімді әдістерінің бірі ретінде баса назар аударатын болады.
Аталған жүйе тәртіп сақшыларына оқиғаның белгілерін және жай-күйін дер кезінде бағдарлауға, адамдармен тікелей байланыста болуға және қажет болған жағдайда жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Тараз қаласының патрульдік полиция батальоны жеке құрамының 35-40 пайызға жуығы жаяу қызмет атқару түріне көшірілді. Сонымен қатар осындай жұмыс түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің қосымша күштері де тартылған.
Облыстық полиция департаментінің
баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- Бүгін, 16:53
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- Бүгін, 16:40
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




