Технологиялық жетістіктері көп Оңтүстік Корея 2024 жылы қарулы күштер құрамына жәндіктер мен жануарларды, адамды имитациялайтын, яғни тіршілік иелеріне ұқсатып жасайтын биороботтарды енгізбек. Бұл жайында қару-жарақты сатып алу бағдарламасы жөніндегі агенттік баяндамасында айтылған. Аталмыш баяндамада негізгі қорғаныс технологиясын дамытуға басымдық беретін жобалар қамтылған. Аталған агенттік жақын болашақта биороботтарды қолдануды ұйғарып отыр. Агенттік өкілдері биороботтардың болашақтағы соғыстың барысын өзгертетінін алға тартады. Өткен жылы Стокгольм қаласында бас қосқан жасанды интеллекті жөніндегі халықаралық алқалы жиында 160-қа тарта компания өкілдері жасанды интеллекті технологиясы қолданылатын қару құрастырудан бас тартуды көздейтін құжатқа қолдарын қойған еді. Осы құжат талабында адамның өмірін сақтап қалуды немесе жоюға қатысты дербес шешім қабылдайтын қаруды жасамау, таратпау, саудаламау тағы басқалар қарастырылған. Нысананы өзі таңдайтын, онымен ұрысқа түсуді өзі шешетін қару – тек жаудың емес, соны жасаған жақтың өзіне қауіп төндіреді. Қысқасы, күллі адамзатқа қауіпті қару ретінде танылды.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




