Жапония әлемдегі ең жылдам жолаушылар пойызын сынақтан өткізді, деп хабарлайды inform.kz порталы CNN ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. «Жапония сағатына 400 километр жылдамдықпен жүре алатын жоғары жылдамдықты жолаушылар пойызын сынақтан өткізуді бастады. Сынақтан кейін жолаушылар тасымалының революциялық түрі тағы да жетілдірілетін болады» деп жазады агенттік. Пойыз Сендай мен Аомори қалаларының арасында сынақтан өткізіледі. Бұл аралық 280 километрді қамтиды. Пойыз аптасына екі рет, түнгі мезгілде жүргізіледі. Айта кетерлігі, жоғары жылдамдықты пойыздарды Жапония 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындары қарсаңында енгізуді көздеп отыр. «Сынақ уақытында пойыздар қандай жылдамдықта болатынына қарамастан, Жапония темір жол жүйесі әлем бойынша рекордты көрсеткішке ие болып қала береді», деп жазады басылым.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




