«Boeing» қазақстандық оқушыдан жаңа ұшақ жобасын сатып алды
- author «Ақ жол»
- 27 мамыр, 2019
- 174
«Boeing» қазақстандық оқушыдан жаңа ұшақ жобасын сатып алды» деп хабарлады Tengrinews.kz. Евгений Демиденко – Қызылорда қаласында №2 «Мұрагер» мектебінің жас түлегі. Оның бағдарламалауға деген махаббаты балалық шақта пайда болған. «Тоғыз жасымда анам маған алғашқы компьютерімді әкелді, Мен осы компьютерде кішкентай әлемді көрдім, онда сағаттап отыратынмын. Ғаламторға тап болғанымда, мұның барлығы қалай жұмыс істейді деп бас қатырдым. Менің ата-анам кәдімгі қарапайым адамдар. Анам менің тілдерге деген қызығушылығымды оятты. Ал спорттағы бапкерім тәртіпті үйретті. Спорт мені ешқашан берілмеуге, әрқашан алға жылжуға, қарапайым болуға үйретті. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлеймін. Көп уақыт жеңіл атлетикамен айналысып, облыста бірнеше дүркін, республикада бірнеше рет чемпион атандым. Қазіргі уақытта мен оқуды таңдадым», – дейді ол. 11-сынып бітірушісі информатикадан түрлі халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда жеңіске жеткен. Кореяда 4D-биологиялық үдерістерді модельдеу анимациялық жобасы үшін алтын медальді жеңіп алған. 2017 жылдан бастап қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрлерін, мәдениетін насихаттайтын 4D форматындағы мультфильмдерді жобалаумен айналысады. Анимация мен мультипликацияны оқыту үшін әдістемелік құрал әзірлеген. Қызылорда облысының мұнай компанияларының 4D-жобалау жұмыстарына да тартылған. Бұл жеңістерінің бір парасы ғана. Евгений Демиденко болашақтағы ұшақтың прототипін жасап, Nazarbayev Fund Schools Challenge халықаралық авиақұрылысы бойынша олимпиадада жеңіске жеткен. «Бұл Ұлыбританиядағы Крэнфилд аэроғарыш университеті профессорының тапсырмасы болды. Өз командамда мен барлық тәжірибелік бөлімге жауап бердім: есептеулер, идеялар, ойлар, осының бәрі қалай көрінуі керек дегендей. Қазақстандағы барлық балалардың жұмыстары іріктеліп, нәтижесінде біз жеңіске жетіп, аталған Крэнфилд университетіне жолдама алдық. Онда өз жобамызды көрсеттім. Бірнеше айдан кейін маған «Boeing» корпорациясының өкілдері келіп, патент үшін белгілі бір соманы атады. Мен бұл идеяны іске асыруға менің есімім Тұжырымдаманың жасаушысы және авторы ретінде көрсетілуі керек деген шартпен саттым. Ұшақ жасауға менің үш айым кетті. Мен барлық механизмін ойластырдым, қазір оны кәсіби мамандар өндіріске жіберу үшін толықтырып жатыр», – дейді Евгений. Қытай, Ресей, Германия, Оңтүстік Корея елдерінде грантта оқу ұсыныстарынан бас тартқан оның ендігі мақсаты – еліміздегі Назарбаев университетіне түсіп, білімін информатика бағытында жалғастыру.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді