Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Мемлекеттік тілді оқыту орталығының мәжіліс залында Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны орындау мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның міндеті» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Жиынды облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Үртай Сапақова ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіленгенін, осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу – өз құзыреті шеңберінде барлық мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының, ұйымдардың және жеке тұлғалардың қызметі және парызы екендігін жеткізді. Бұл ретте, мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың мәні туралы ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізуі үлкен рөл атқаратындығын айтты. Сондықтан еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық актілерді сақтау бойынша құқықтық мәдениет пен құқықтық сана-сезімді қалыптастыру болып табылатынын атап көрсетті. Басқосу барысында басқарманың бас маманы Айдар Рысбеков, мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры К.Қожатаева, ішкі бақылау бөлімінің жетекші маманы Б.Оспанов және басқалары тақырыпқа байланысты өз ой-пікірлерін білдіріп, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама мен жемқорлыққа қарсы қабылданған өзге де заңнамалық актілердің сыбайластықтың жолын кесудегі ықпалына тоқталды. Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Сембек Сейдәзімов қазіргі таңдағы республикамыздың әлеуметтік-экономикалық даму барысында сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою – еліміздің экономикалық және саяси дамуының маңызды стратегиялық бағыттарының бірі екендігін мәлім етті. Сондай-ақ, ол «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының жобасы қоғамның талқылауына ұсынылғанын, аталған бағдарлама жобасы – сыбайлас жемқорлықты туғызатын себеп пен жағдайды жоюға бағытталғанын, мемлекет пен қоғамның барлық күш-жігерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмылдыруды көздейтінін атап өтті. Бұдан кейін Сембек Әбетайұлы басқосуға қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап қайтарды. Дөңгелек үстелді басқарма басшысы Үртай Сапақова қорытындылады.
Сапарғали ӘЛІБАЙ,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді