Елбасы: Қазақстан Канадамен атом өнеркәсібі саласында бірлескен жобаларды іске асыруға ынталы
- author «Ақ жол»
- 13 тамыз, 2014
- 711
Қазақстан Канадамен атом өнеркәсібі саласында бірлескен жобаларды іске асыруға ынталы. Бүгін Ақордада Канаданың Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Перри Стайлден сенім грамотасын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Қазақстан үшін Канадамен арадағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытудың мәні зор. Бізді жаһандық және өңірлік қауіпсіздік, экономика, энергетика, сауда және инвестиция саласындағы өзара үндестік жақындастырады», - деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысының айтуынша, Канада Қазақстанның Америка құрлығындағы, Ал Қазақстан - Канаданың ТМД елдері арсындағы маңызды сауда серіктесі.
«Біздің елде канадалық капиталдық қатысуымен 170 компания, 40-қа жуық компанияның өкілдігі жұмыс істеуде. Олар тау-кен өндіру өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, құрылыс және білім саласында жұмыс істейді. Біз, әсіресе, атом өнеркәсібі саласында бірлескен жобаларды іске асыруға ынталымыз», - деді Н.Назарбаев.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды
- 27 наурыз, 2026
Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин кездесті
- 26 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




