Назарбаев Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанға президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.
Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанды Қазақстан халқының және жеке өз атынан Түркия үшін тарихи маңызы бар сайлаудағы жеңісімен құттықтады. "Сайлау нәтижелері Сіздің қоғамдағы беделіңіздің, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді еңсеруге және Түркияның халықаралық орнын нығайтуға бағытталған саясатыңызға көрсетілген кең қолдаудың айқын дәлелі болды, - делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Ердоғанның басшылығымен Түркия Республикасы халықаралық саясатта салмағы бар, жоғары дамыған елдердің біріне айналғанын атап өтті. "Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық деңгейіндегі бауырлас қарым-қатынастар нығая түсетініне кәміл сенемін, - делінген Назарбаевтың жеделхатында.
Хатының соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанға зор денсаулық, жаңа қызметіне толағай табыс, ал бауырлас түрік халқына бейбіт өмір мен құт-береке тіледі.
Еске сала кетейік, Түркияда президент сайлауының алғашқы кезеңінің қорытындысы бойынша Ердоғанға сайлаушылардың 52%-ы дауыс берді. Ол басым дауысқа ие болғандықтан, елдің сайлау комиссиясы сайлаудың екінші кезеңінің өтпейтінін мәлімдеді.
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді