Алда бағындырар үлкен белес бар

Алда бағындырар  үлкен белес бар
ашық дереккөз
Алда бағындырар үлкен белес бар

Дәл қазір еліміз үшін өте жауапты кезең. Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы қазіргі жағдайда тұрақты дамып, өсіп-өркендеу үшін халықтың бірлігі бекем болуы жəне барша қазақстандықтардың бірлесе күш жұмылдыруы қажет екенін атап айтты. Біз барды бағалап, ертеңімізді дұрыс бағдарласақ, ауызбіршілігімізді жоғалтпасақ, бұл кезеңді еш қиындықсыз еңсеретінімізге сенімдімін. Дәл қазір атқарушы билік үшін халқымыздың əл-ауқатын арттыру жəне елімізді одан əрі ілгерілету – басты міндет. Ал мемлекетке құрмет көрсету, азаматтардың бір-бірін сыйлауы – тұрақтылықтың белгісі болмақ. Өйткені еліміз жаңа кезеңге қадам басқалы отыр. Осындай кезеңде қазақстандықтар ауызбіршілігін танытуы тиіс. Шын мәнісінде, айналамызға зер салып қарасақ, қазіргі кезең әлемнің алпауыт мемлекеттері үшін де сындарлы шақ екенін бағамдауға болады. Бүгінде әлемде қаржылық жағдай тұрақсыз. Адамзат дамудың жаңа жолын іздеп, дамылсыз алға ұмтылуда. Осындай сәтте әлеуметтік жағдайын назарда ұстап, елдің ішкі ахуалын тұрақтандыруға ұмтылу, жеті рет өлшеп, бір қадам жасау қажет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 19 наурызда президенттік өкілеттігін тоқтатқанын еліміздің жарқын болашағы үшін ойланып, толғанып жасалған қадам екенін айтты. Енді мемлекетті басқаруға басшылардың жаңа буыны келеді. Уақыттың ағымы сондай маңызды шешім қабылдауға түрткі болды. Сонау тоқсаныншы жылдарда ауыр дағдарыс жағдайында басталған тəуелсіз Қазақстанды қалыптастыру жолы оңай соқпағаны есте. Біз бүгінге дейін қол жеткізген жетістігімізден ажырап қалмауға ұмтылуға тиіспіз. Алда бағындырар үлкен белес бар. Ол үшін жұмылған жұдырықтай бір болуымыз керек.

Мақпал ЖЕКЕЕВА, «Нұр Болашақ ХХІ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Мойынқұм ауданы.

Ұқсас жаңалықтар