Тәуелсіздіктің бізге әкелген басты табысы – қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық даму деңгейі мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құрғанымыз. Қазір еліміздегі саяси өзгерістерді дүниежүзі қадағалап отыр. Шетел саясаткерлері Қазақстандағы демократиялық ұстанымдарға жақсы пікір білдіруде. Әлемде халықаралық саяси жағдай тұрақты деуге келмейді. Алпауыт мемлекеттердің өзі қалыптасқан экономикалық ахуалға алаңдаулы. Шетелде болып жатқан жағдайлар біздің елге де өз әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан мемлекетіміз стратегиялық басымдықтарды әрі қарай жүзеге асырып, халықтың әл-ауқатын жақсарта түсетін мақсатты бағдарламаларды орындауы керек. Жұрт, әсіресе, әлеуметтік бағдарламалардың толық іске асқанын қалайды. Әлеуметтік бастамалар, соның ішінде жастарды баспанамен қамту, жұмысқа орналастыру мәселелері шешімін тапқанын күтеді. Білім саласындағы кәсіптік-техникалық колледждердің оқу базасын нығайту шаралары жалғасын тапса дейді. Ел тыныштығы мен мамыражай тұрмысты сақтау үшін президент сайлауын өткізу маңызды. Мемлекетіміз билікті нығайтып, стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруды мықтап қолға алуы қажет. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – аса қажет қадам. Біз елдегі ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекетіміздің даму жолындағы жаңа кезеңге аяқ басуға тиіспіз. Саяси тұрақсыз елдің бірлігі ыдырайды. Татулығын жоғалтқан жұрттың қолға алған ісі берекесіз болады. Береке мен байлық – тыныштық орныққан мемлекетте. Салтанат ТАСТАНОВА, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің құрылыс бөлімінің меңгерушісі.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді