«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Халықтың күші – бірлікте

Халықтың  күші – бірлікте
ашық дереккөз
Халықтың күші – бірлікте

Тəуелсіздік жылдары Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруымен Қазақстанның экономикалық-əлеуметтік саласы қарқынды дамыды. Ұлт Көшбасшысының «әуелі – экономика, сосын – саясат» деген ұстанымының дұрыстығын уақыттың өзі дәлелдеді. Ширек ғасырдан астам кезеңде елдің тұрмыс ахуалын жақсартуға барынша көңіл бөлінді. Әлеуметтік салаларды өркендетуге басымдық берілуі – соның бір көрінісі. «100 мектеп пен 100 аурухана» бағдарламасы аясында елді мекендерде бой көтерген жаңа нысандар ауылдардың ажарын арттыра түсті. «Балапан» бағдарламасы шеңберінде балғындарды мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту көрсеткіші жақсарды. Балабақша кезегін азайтуға соңғы жылдарда қолға алынған мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің дамуы да көп септігін тигізіп отыр. Жалпы бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауапкершілігін көтерудің ықпалы мол. Соның арқасында елді мекендерде алғашқы медициналық мекемелер көптеп салына бастады. Ендігі жерде еліміздегі осы экономикалық даму ырғағын сақтау жəне халықтың əлеуметтік жағдайын жақсарта түсу үшін сыртқы жəне ішкі саясат тұрақты болуы тиіс. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдап, халыққа Үндеу арнады. Мемлекет басшысы ертеңіміздің баянды болашағы мен елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін айқындық керек екенін атап өтті. Кезектен тыс сайлау өткізу – маңызды қадам. Біздің мақсатымыз – еліміздің тұрақтылығын сақтау. Біз Елбасының сара жолымен жүреміз. Бұл кезектен тыс сайлауды бар жауапкершілікпен өткізу – еліміз үшін аса маңызды. Халықтың күші – бірлікте! Сайлауға үлкен жауапкершілікпен атсалысайық! Себебі бұл саяси оқиғаның əр қазақстандық үшін маңызы зор.

Айгүл ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, «Ақбота» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі. Т.Рысқұлов ауданы.

Ұқсас жаңалықтар