Қазақстан билік транзитін ың-шыңсыз, бейбіт жолмен жүзеге асырды. Алда жауапты кезең. 9 маусым – Қазақстан Республикасы Президентін сайлау күні. Қазіргі кезең – тәуелсіз мемлекетіміз үшін ең сындарлы сәт. Бізге әлемдік аренада өз позициямыздың беріктігін көрсетсек, Қазақстанның беделі арта түседі. Бүгінгі күнге дейін еліміз дүниежүзіне бейбітсүйгіш саясаты арқылы танылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың аймақтық және бүкіл дүниежүзі халықтары мен мемлекеттері арасындағы түсіністік, ұғыныстық, барша даулы істер мен шиеленістерді келісімдер негізінде шешу жолындағы бастамашылдығы әлем саясаткерлері тарапынан өз лайықты бағасын алды. Қазақстанның бітімгершілік миссиясы да өз нәтижесін беріп отыр. Елбасы ұстанған сара саясаты туралы шетел саясаткерлері жарқын пікір білдіруде. Жақында ғана Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдап, онда: «Қазіргі заманғы тарихта көшбасшының жаңадан құрылған мемлекетті заманауи мықты елдер сияқты өркендетіп, алға жетелеп шығарған мысалдары аз. Ондай көшбасшылардың аса көрнекті мемлекет қайраткеріне айналған мысалдары да сирек. Танымал көшбасшының өз еркімен өкілеттігін тоқтатуы одан да сирек кездеседі. Қазақстанды соңғы отыз жылға жуық басқарып, билік тізгінін ұстайтын басшылардың жаңа буынын тəрбиелеу жөніндегі шешіміңіз арқылы парасаттылық таныттыңыз», – деп атап көрсеткен. Иә, халықаралық қоғамдастық Қазақстанның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға байланысты ұстанымына әрдайым жоғары баға беріп келеді. Бейбітшілікті сақтау – әлемде ортақ мәселе. Ол тұрақтылықты жəне орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз етеді. Сондықтан біз бүгінгі бейбіт күннің қадірін біліп, елдің ішкі тұрақтылығын сақтауға ұмтылуға тиіспіз. Ел азаматтары ауызбіршілік, ішкі тұрақтылық пен татулық – тәуелсіздігіміздің тірегі екенін дәлелдеуге тиіс. Елдің тыныштығын бұзғысы келетін керауыздарға жол бермеуіміз керек. Сондықтан алдағы сайлауда халық ел келешегіне қатысты дұрыс таңдау жасайды деген ойдамын. Ғалия ӘБІТАЕВА, «Нағыз патриоттар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді