Рас, сол күні «Мемлекет басшысы Үндеу жариялайды» деген хабарды естігенде, көпшілік түрлі болжамдар айтып жатты. Шын мәнісінде, көңіліміз алаң болғаны жасырын емес. Ел ертеңіне қатысты қандай да бір өзгерістер болуы мүмкін дейтін ой әрбіріміздің көкейімізде тұрғаны анық. Бірақ саралай келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауын 9 маусымда өткізу туралы шешім қабылдағаны өте орынды деп түйдім. Өйткені бүгінгідей ақпараттар ағыны тоқтаусыз жүріп жатқан заманда бізге ішкі тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Сыртқы ықпалдың елге іріткі салуына жол бермеуіміз үшін болашағымызды айқындап алуға тиіспіз. Бағыт-бағдары айқын мемлекет қана көздеген мақсат-мүддесіне жете алады. Мемлекет басшысын сайлау – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл – елімізде қандай да бір тұрақсыздықтың пайда болуына жол бермеу үшін қабылданған шешім. Қоғамның барлық жүйелерінің толыққанды жұмыс істеуіне қажет қадам. Ол қоғамдық тұрақтылықты, еліміздегі ұлтаралық ынтымақтастықты сақтауға көмектеседі. Президент айтқандай, ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыру үшін бізге нақтылық, жүйелілік қажет. Бұл тарихи шешімнің Қазақстан Республикасында тұрып жатқан барша ұлт пен ұлыс өкілдері үшін маңызы зор. «Ынтымағы жарасқан ел озады» демекші, татулық пен бірлігімізді бекем ұстасақ қана ортақ жеңістерге жететінімізді естен шығармайық. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы сайлаудың ашық, таза әрі әділ өтетініне сендірді. Бұл біріншіден, бізге, яғни қазақстандықтардың белсенділігіне тікелей байланысты. Мемлекет басшысының бастамасына қолдау көрсетейік ағайын! Ел ертеңі – біздің қолымызда. Камила ДУРГАЛОВА, «Ахыска» этномәдени бірлестігінің жетекшісі.
Қордай ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді