Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ең басты жетістігіміз ұлт пен көп ұлысқа құтты мекен болып отырған Қазақстандағы бейбіт, тыныш өмір екенін үнемі айтып отырады. Ауызбіршілік – біздің басты ұстанымымыз. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген сөз бекер айтылмаған. Барша қазақстандықтар, өзге ұлыстардың барлығы да оның амандығына, дамуына тілектес қана емес, өз үлесін қосуы тиіс. Ал Президент сайлауы – бірлігімізді көрсетер тарихи сәт.Бұл – Ұлы Дала елі мен оның халқының мүддесі үшін өте маңызды, жауапты шешім. Осы қадам Мәңгілік Елдің жарқын болашағы мен гүлденуі жолында қазақстандықтардың күш-жігерін бір арнаға тоғыстырады. Сайлау елімізді ұлы істерге ұйыстырып, баянды болашақ жолында біріктіреді. Себебі осыған дейін де болған бірнеше кезектен тыс сайлау елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартып, саяси ахуалға оң өзгеріс әкелгеніне қоғам куә. Кезектен тыс Президент сайлауы – сондай маңызды науқан. Еліміздегі экономикалық саяси жағдайда заң талаптарына сәйкес әрекет етудің маңызы зор. Өйткені бүгінгі қоғамның көзі ашық, көкірегі ояу. Мемлекетімізде әркімнің өз құқығы сақталған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған шешім Конституцияға сай. Қасым-Жомарт Кемелұлының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы Үндеуін ауданымыздың ардагерлері де мен сияқты бірауыздан қолдады. Өйткені дәл осындай сәтте барлығымыздың ауызбіршілігіміз, болашаққа деген сеніміміз қажет. Сонда көктен тілегеніміз жерден табылары сөзсіз. Президент сайлауынан еліміздегі жұдырықтай жұмылған бірліктің көрініс табарына сенім мол.
Бақыт СЫРЛЫБАЕВ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді