«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бұл шешім көп сұрақтың жауабы іспет ті

Бұл шешім көп сұрақтың жауабы іспет ті
ашық дереккөз
Бұл шешім көп сұрақтың жауабы іспет ті

Қазір еліміз аса маңызды тарихи кезеңді бастан өткеріп жатыр. Бүкіл әлемнің назары Қазақстанға ауып тұр. Билік транзитін бейбіт түрде шешкен мемлекеттің ендігі қадамы қандай боларына болжам жасаған саясаттанушылар да көп. Бәрінің ойында бір ғана сұрақ: «Ұлы Дала елінің ендігі тағдыры қалай өрбиді?». Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Үндеуі көкейдегі көп сұраққа жауап тапқандай. «Біз Елбасының сара жолымен жүреміз. Халқымыз – біртұтас. Тəуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым. Алдағы президенттік сайлау осыған дəлел болуы керек. Сондықтан елдегі қоғамдық саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, əлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет. Оның үстіне, əлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Бұл Отанымыздың қауіпсіздігіне сын-қатер əкелуі мүмкін. Ішкі жəне сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған əлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сəтті əрі тиімді іске асыруымыз керек. Мұндай шешім тек халықтың тікелей еркімен сайлауда қабылдануы қажет», деген сөз сырт көз сыншыларға айтылған есті ескертпе сынды. Мемлекет басшысының маңызды мәлімдемесі – мемлекет тұрақтылығын сақтап қалу үшін қабылданған тарихи шешім. Кезектен тыс өтетін сайлау Ата Заңымызға сəйкес өткізілгелі отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл шешімі республикамыздағы тұрақтылық пен ынтымақтастықтың сенімді кепілі болмақ. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» демекші, Президент бұл қадамды жан-жақты ойластырып, тіпті саяси партиялардың басшыларымен кеңесе отырып жасады. Биліктің ауысуы тұрақты жағдайда өтті. Десек те демократиялық жолмен президенттік сайлауды өткізу қажет. Халық таңдап, өз мандатына ие болған Президент нық шешімдер қабылдайтын уақыт жақын. Белгісіздік түрлі болжамдардың жасалуына түрткі болады. Әртүрлі ауандағы әңгіме халықтың көңілін май ішкендей кілкілдетіп, ертеңге деген сенімін жоюы мүмкін. Ал еліміздің əлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтап тұру үшін билік ауысымы үдерісін барынша жылдамдату керек. Сол кезде ғана ұзақ мерзімді міндеттерді, əлеуметтік маңызды бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру жоспары айқындала түспек.

Мұратбек КӨКІРЕКБАЕВ, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Меркі ауданы.

Ұқсас жаңалықтар