ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеу жариялап, кезектен тыс президенттік сайлау ағымдағы жылы 9 маусымда өтетінін мәлімдеді. Бұл – менің пікірімше, дер кезінде қабылданған шешім. Себебі Елбасының көреген саясатының арқасында елімізде билік транзиті бейбіт жолмен өтті. Елдің ішкі-сыртқы саясаттағы тұрақтылығын сақтау үшін президенттік сайлау өтіп, жаңа мемлекет басшысын халық болып сайлағанымыз аса маңызды. Елімізде бұған дейін 5 рет президенттік сайлау өтіп, халық өз таңдауын жасаған болатын. Ол науқандардың барлығы демократиялық принциптерге сай өткені баршамызға мәлім. Енді тағы да осындай сындарлы сәт туған кезде, халқымыз бұл шарадан тыс қалмай өздерінің еркін таңдауын жасайды деп сенемін. Алпысбай Жұмаханов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы.
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Тағдыршешті мәселелер қозғалды
- 22 қаңтар, 2026
Медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейі 92,32 пайызға жетті
- 22 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




