Еліміздегі құрлықтар құлақ түрген айрықша елеулі маңызға ие қоғамдық-саяси оқиға, ол – ағымдағы жылдың 9 маусымында бұған дейінгі биліктің ауысуы үрдісінің нақты жалғасындай болып Президент сайлауының өтетіндігі. Мен де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы күні кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөнінде қабылдаған шешімін қолдаймын. Өйткені біз өзгермелі кезеңде өмір сүрудеміз, бүгінгі жаңалық пен өзгерістің ертең ешқандай маңызы, құны болмай қалуы бек мүмкін. Қазақстандықтар жаһандық бәсекеге қабілеттіктерін ұдайы жетілдіріп, алдағы ұлы мақсаттарға жету жолында ауызбіршілікпен аянбай еңбек етуді бір сәтке де тоқтатпауға тиіс. Президент сайлауы – елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың да кепілі. Әлбетте, бұл шара елдің ертеңгі күніне алаңдамай, экономикамыздың дамуына үлес қосу қарқынын еселей түсуі үшін де керек. Жалпы қандай істе болсын елімізге келер инвесторлардың легі де тоқтамауға тиіс. Қазақстандықтарға ғана емес, шетелдіктерге де нақты сайланған Президент қажет. Қазіргі жоғары биліктің транзиті вегетинді болып та есептелінбейді. Сайлаудың маңыздылығы – осынысында. Сонымен, ағымдағы жылдың 9 маусымы – қазақ елінің көшбасшысын таңдап, керуенін жаңа белестерге бұрар күн. Сырттағы ел де қалай болар екен деп отыр. Ал бізге – барша қазақстандықтарға артылар жауапкершілік жүгі одан да ауқымдырақ. Бір атап өтерлігі, бірлікті ту еткен халқымыздың саяси деңгейі, жауапкершілігі айтарлықтай өсті. Соған байланысты ешқандай күмән тумауға тиіс. Сайлаудың жақсы өтетініне ешбір кедергі болмайтын секілді. Сайлауда мен де елімізді басқаруға лайықты тұлғаны таңдап, өз даусымды беретін боламын. Қазақстандықтардың да осынау шараға айрықша жанашырлықпен, белсенділікпен, жауапкершілікпен атсалысатынына сенімім зор. Зүлфия ҒАБИДУЛЛИНА, Қазақстанның жүзу спортынан тұңғыш Паралимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, «Барыс» орденінің иегері.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді