«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Достық алаңына Тұңғыш Президент есімін бергеніміз жөн

Достық алаңына Тұңғыш Президент есімін бергеніміз жөн
ашық дереккөз
Достық алаңына Тұңғыш Президент есімін бергеніміз жөн

Қазақстанда билік транзиті бейбіт жағдайда өтті. Бәрі заң шеңберінде. Демократиялық үдерістерге сай. Бұл жасыратыны жоқ, әлем көз тіккен саяси оқиға болды. Бір айта кететіні, Елбасының тарихи шешіміне қазақстандықтар қимастық танытқанымен, қолдау көрсетіп, сын сәтте ауызбіршілігін танытты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті  өзінің өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдегенде көпшіліктің көкейінде «енді қалай болар екен» деген сұрақ тұрғаны анық. Бірақ халқымыз қашанғы сабырлы қалпын сақтап, биліктің ауысуын қалыпты қабылдады.

Елбасының парасаттылығы мен көрегендігін әлем саясаткерлері мойындаған. Елінің қамын, бейбітшіліктің бұзылмауын ойлаған дана шешімі үшін оған деген туған халқының сүйіспеншілігі де арта түспесе кеміген жоқ. Осының айғағындай, еліміздің ірі қалаларында орталық көшелер мен даңғылдарға, алаңдарға Тұңғыш Президенттің есімі беріліп жатыр. Туған қаламыз тараздықтар да бұл үрдістен тыс қалмақ емес. Нұрсұлтан Әбішұлының облысымыздың өркендеуіне, оның орталығы Тараз қаласының республикадағы ең ірі, көркі көз тартар шаһарлардың біріне айналуына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Осы қызметі қандай құрметке де лайық.

Тұңғыш Президенттің елдік мәселеге келгенде, қабылданар шешімді еш уақытта кешеуілдеткен емес. Сонау 90 жылдардың ортасында Жамбыл жеріне келген жұмыс сапарында ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілдерді назарға алып, нақты тапсырмалар беруінің арқасында Шу ауданына Бүкілдүниежүзілік Даму банкінен 5,5 миллион АҚШ доллары көлемінде ұзақ мерзімдік несие беріліп, сортаңданған жерлерді қалпына келтіру қолға алынған болатын. Шулықтар ағын судың зардабынан құтқарған  Нұрсұлтан Әбішұлына деген алғыстарын 1995 жылғы 29 сәуірдегі бүкілхалықтық референдум кезінде ұйымшылдықпен көрсете білді.

Елбасы әркез ел тілегін ескерусіз қалдырған емес. Соның бірі – бұрынғы Свердлов ауданына Байзақ бабаның есімін беру туралы жұрт пікірін ескеріп, 1995 жылы 20 желтоқсанда «Жамбыл облысының Свердлов ауданының атын өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойған сәт болатын.

Сөздің түйіні облысымыздың, Тараз қаласының өркендеуіне Тұңғыш Президент – Елбасының сіңірген  ерен еңбегі, қажырлы қызметі қандай құрмет көрсетуге де лайық. Бұл ретте Әулиеата халқы республиканың өзге өңірлерінен кем түспеуі керек. Осыны ескерсек, Тараз қаласының орталық Достық алаңына Тұңғыш Президент – Елбасының есімін беру ең дұрыс шешім болмақ.

Бұл ұсынысқа жамбылдықтар қолдау көрсетеріне сенемін.

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі.

Ұқсас жаңалықтар