Мұғалімдер мен мемқызметшілер сайлауға келуге мəжбүрленбейді
- author «Ақ жол»
- 15 сәуір, 2019
- 524
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Азамат Ахмеджанов 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауында белгілі бір кандидатқа дауыс беруге қатысты мәжбүрлеу болмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз ешкімді мәжбүрлегелі отырған жоқпыз. Алайда дауыс беру үшін сайлау учаскесіне келуге шақырамыз. Әлбетте, «барыңыздар, дауыс беріңіздер» деп айтамыз, бірақ селфи жасату деген секілді, әрине, жағдайлар болмайды», - дейді Азамат Ахмеджанов.
Оның айтуынша, мәжбүрлеу жағдайлары кездесіп жататын болса, елордалықтар Ikomek қызметіне шағым түсіре алады.
«Ikomek-тен келген ақпарат әкімдік аппаратына түседі. Әлбетте, барлығын сайлауға шақырамыз, бірақ мәжбүрлемейміз», - дейді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда 9 маусым күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауында елордалықтар 304 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
Баспасөз мәслихаты барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Азамат Ахмеджанов сондай-ақ, елордада тіркелмей жұмыс істеп жүрген азаматтар қалай дауыс бере алатынын түсіндірген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




