«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік

Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
Автор
Жаңа Конституция және оны республикалық референдум арқылы қабылдау Қазақстанның құқықтық және саяси жаңғыру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бұл – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын, қоғамның бірлігі мен жауапкершілігін көрсететін тарихи мүмкіндік.

Референдум–демократиялық процестердің маңызды институты ретінде халықтың ерік-жігерін тікелей білдіруге, мемлекеттік шешімдердің легитимділігін арттыруға, азаматтық жауапкершілікті күшейтуге, қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше рет республикалық референдум өткізді. Бұл тәжірибе елдегі саяси реформалардың кезең-кезеңімен жүргізіліп отырғанын көрсетеді. Референдум – мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді бүкілхалықтық дауыс беру арқылы шешу тәсілі. Бұл – демократияның тікелей көрінісі. Егер сайлау арқылы азаматтар өз өкілдерін таңдаса, референдум кезінде әр адам белгілі бір мәселе бойынша тікелей шешім қабылдайды.

Қазақстан үшін Конституция – мемлекеттіліктің берік іргетасы, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың басты кепілі. Қоғам дамыған сайын құқықтық жүйе де заман талабына сай жетілдіріліп отыруы тиіс. Осы тұрғыда жаңа Конституцияны қабылдау неме се қолданыстағы Ата Заңға түбегейлі өзгерістер енгізу мәселесін республикалық референдум арқылы шешу – демократиялық әрі ашық жол. Қоғамдық қатынастардың күрделенуі, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру қажеттілігі, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту – жаңа конституциялық реформалардың басты себептерінің бірі.

Қазақстан тарихында конституциялық даму бірнеше кезеңнен өтті. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы алғашқы Конституция қабылданып, ал 1995 жылы бүкілха лықтық референдум арқылы жаңа редакция бекітілді. Кейінгі жылдары да Ата Заңға өзгерістер енгізіліп отырды. Бұл үдерістер мемлекеттің эволюциялық даму жолын көрсетеді. Қоғамдық қатынастардың күрделенуі, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру қажеттілігі, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту – жаңа конституциялық реформалардың басты себептерінің бірі. Конституцияға ауқымды өзгерістер енгізу билік тармақтарының теңгерімін нақтылауды, Парламенттің рөлін күшейтуді, жергілікті өзінөзі басқаруды дамытуды, адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейтуді, конституциялық бақылау тетіктерін жетілдіруді көздейді.

Референдум – халықтың мемлекет тағдырына тікелей ықпал ету тетігі. Жаңа конституциялық реформалар мемлекеттік басқару тиімділігін арттырады, қоғамдық тұрақтылықты нығайтады, инвестициялық ахуалды жақсартады, азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін күшейтеді. Конституция тек заңдық құжат қана емес, ол – елдің болашақ даму бағдарын айқындайтын стратегиялық акт. Сондықтан оны қабылдау процесіне халықтың қатысуы тарихи маңызға ие. Референдумда берілген әр дауыс – ел тағдырына қосылған үлес. Ол – азаматтың өз мемлекетіне деген көзқарасын, ұстанымын және жауапкершілігін білдіреді. Сондықт ан референдумға қатысу тек заңмен бекітілген құқық қана емес, ел болашағына бейжай қарамайтын адамның парызы.

 

Ғалымжан САҒЫНТАЕВ

облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі

Ұқсас жаңалықтар