Оның ішінде тиісті гектарларға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, майлы дақылдар, қант қызылшасы, картоп, көкөніс-бақша дақылдары және мал азығы дақылдары орналастырылатын болады. Жамбыл облысы аграрлық аймақ болғандықтан, мемлекет қолдауының нәтижесінде өңірде жыл сайын егістік көлемін арттыруға мүмкіндік туып отыр.
– Былтырғы жылмен салыстырғанда егіс алқабы 16,7 мың гектарға аз. Есесіне құрылымды түзету стратегиялық сипатқа ие және өндірісті әртараптандыруға, сондайақ ылғал көп қажет ететін дақылдардың үлесін қысқартуға бағытталған. Атап айтқанда, бидайға 145,1 мың, арпаға 187,8 мың, жүгеріге 23,3 мың гектар алқап бөлінген. Майлы дақылдар 40 мың, мал азығына арналған дақылдар 185 мың гектарды құрап отыр. Осылайша, өңір тұрақты әрі ресурсты үнемдейтін ауыл шаруашылығы моделіне басымдық беріп отыр. Егіс құрылымын өзгерту «Ислам даму» банкінің қаржыландыруымен облыстағы 76 каналға жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты. Жаңартылатын гидроқұрылымдардың жалпы ұзындығы 430 шақырымнан асады, суаратын жер алқабы – 51,4 мың гектар, Байзақ, Меркі, Сарысу, Талас және Шу аудандарын қамтиды. Жұмыс толық аяқталғанда өңір сенімді әрі тиімді су қамтамасыз ету жүйесіне ие болады, бұл аграрлық өндірістің әрі қарай дамуы үшін маңызды екені сөзсіз, – дейді ол.
Өткен жылғы күзгі науқан ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сәйкес жүргізілі , 200, 3 мың гектар алқаптан жаздық дәнге дайындық жұмыстары жасалды, 145,1 мың гектарға күздік с ебілді. 2026 жылғы көктемде 325 мың гектарға жаздық дақылдар себілмек. Қажетті тұқымның 93 пайызы, яғни 58 мың тонна дайындалған, бұл шаруашылықтар дайындығының жоғары екенін көрсетеді.
– Биылғы егіс алқаптарына қажетті тұқым толық дайындалды. Бүгінгі күні егістік алқаптарға минералды тыңайтқыштарды енгізуге ерекше көңіл бөлініп отыр, жалпы биыл 109,7 мың тонна минералды тыңайтқышт ар енгізу жоспарлануда. Ал көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін шаруалардың өтінімдеріне сәйкес 25,1 мың тонна дизель отыны дайындалды. Жалпы көктемгі дала жұмыстарына 10,7 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылуға дайын. Шаруаларды қолдау мақсатында «Кең дала-2» бағдарламасы арқылы көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 7 миллиард теңге қарастырылды. Бүгінгі таңда 101 шаруаға 2,8 миллиард теңге 5 пайызбен берілді, – деді басқарма өкілі.
Бүгінгі күні машинатрактор паркін жүйелі жаңарту жұмыстары жалғасуда. Облыста биыл өздігінен жүретін техниканы жаңарту деңгейі 8 пайызға жеткізілмек, бұл 476 жаңа техника деген сөз. Бұл еңбек өнімділігін арттыруға және егіс жұмыстарын жүргізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- Бүгін, 17:06
Балуандар Тараз кілемінде бақ сынасып жатыр
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




