(Әлемде өте сирек кездесетін ерекше дауысты әнші Димаш Құдайбергенге)
Ерке желдей әлемді әнмен желпіген, Табиғатыңда керемет бар-ау жасырын. Алла сыйы – бұлбұл дауысқа елтіген, Көпке ұсындың асқақ үніңмен жан сырын.
Айдың аппақ сәулесіндей нәзік үн, Дегбірімді ап, мерейімді өсірді. Әуезді ән, қос қанаты жазылған, Аққулардың сыңқылына қосылды.
Өн бойыңнан сезініп әсем әуенді, Нұрлы жүзбен жымиясың сәулелі. Шуақты етіп сахнаны әуелі, Сабырға бай тектілігің сәндеді.
Ерледің ғой, өрледің ғой биікке, Шың басына шырқау біткен шынарым. Төбем көкке сәл қалып менің тиюге, Жарыла жаздап, әрең-әрең шыдадым.
Өткірлігің сертке соққан семсердей, Қазағымның көз қуанышына айналып. Көгімдегі жұлдызым боп тұр сөнбей, Тұмарым боп мойыныма байланып.
Жылап отырды, жылап отырды сенімен, Балқыған жүрек, шалқыған көңіл қаншама ел. Тақым қысып, тағатсыз үлкен сеніммен, Дарабозының қара үзуін аңсады ел.
Құлпырған сірә, жібегіндейсің асылдың, Қуанышым кеудемді кернеп тасындым. Жұмбағы сен деп жиырма бірінші ғасырдың, Мақтау жетпес, талантыңа бас ұрдым. * * *
Елімнің ұранындайсың, Тауымның бұлағындайсың. Әндетсең жыр-ағындайсың, Тік біткен шынарымдайсың.
Тексізді тұқыртқандайсың, Тектіні құлпыртқандайсың. Талабын тасқа жаныған, Біртуар шырағымдайсың.
Мақтаным, арым, намысым, Келбеті керім жарасым. Сөйлесең сөзің жүйелі, Жалындап от боп жанасың.
Әуенің жанға жағымды-ай, Жәннаттың жасыл бағындай. Сезімге – кенен, ойға – бай, Жүре бер жүзің шағылмай.
Сазына әннің табынған, Өн бойы балқып бағынған. Жас төкті небір жанарлар, Мөп-мөлдір моншақ лағылдан...
Ерекше асқақ дауысың, Бөгдеге аспандағысың. Қазақтың біткен бағына, Бақыттың баспалдағысың.
Ұқсас жаңалықтар
Әріптесіміз әдеби байқаудың жеңімпазы атанды
- 22 сәуір, 2025
Ой іздесем таулы өлке, қырға барам
- 17 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді