Түркияда президент сайлауы өтіп жатыр
Түркияда бүгін, 10 тамыз күні ел президентін сайлау науқаны басталды.
Ел халқы Абдулла Гүлдің орнына жаңа президент сайлайтын болады.
Түркия президенттігіне 3 үміткер таласуда. Олардың қатарында, мемлекеттің қазіргі Үкімет басшысы Реджеп Тайып Эрдоған сауалнаманың соңғы нәтижесі бойынша көш бастауда. Оны өкшелеп келе жатқандардың бірі оппозициялық партияның белсендісі Экмеледдин Ихсаноғлу. Үшінші үміткер күрдтердің мүддесін қорғаушы Селахаттин Демирташ Халықтық демократиялық партияның жетекшісі болып табылады.
Ел аумағында 165 мың сайлау бөлімшелері ашылды. Шараға 53 миллионға жуық адамның қатысуға құқы бар. Шетелдерде тұратын 2,7 миллион түрік азаматтары да таңдау жасамақ.
Түркияның қазіргі басшысы Абдулла Гүлдің президенттік құзыры 28 тамызда аяқталады. Егер сайлауда үміткерлердің ешқайсысы 51 пайыз дауыс жинай алмаса, сайлаудың екінші туры 24 тамызда өтеді деп жоспарланған.
Түркияда президент 5 жылға сайланады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




