Бәсекелестік біліктілікке тікелей байланысты

Бәсекелестік біліктілікке тікелей байланысты
ашық дереккөз
Бәсекелестік біліктілікке тікелей байланысты
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 2020 жылға дейінгі техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру бойынша кешенді жоспардың 23-тармағын жүзеге асыру мақсатында семинар өтті. «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұйымдастырған шара 3 күнге жалғасты. Басқосуда бірнеше өзекті мәселе қаралды. Соның бірі – Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарына өнімнің сәйкестігін бағалау бөлігіндегі шартты-құқықтық базасы негізгі ережелері. Сонымен қатар «Минералды тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы» ЕАЭО ТР 039/2016 және «Химиялық өнім қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР 041/2017 қолдану ерекшеліктері сөз болды. Өнеркәсіптің алдыңғы қатарлы секторларының жетекші мамандары, ЕАЭО мен еліміздегі техникалық регламенттерді әзірлейтін және бағыттар бойынша сарапшы-аудиторлар дәріс берген ауқымды шараға саланың 90 өкілі қатысты. – Жамбылдық мамандар біліктілігін арттырып, осы жерде үйренген білімдері мен дағдыларын өздерінің мекемелерінде іске асырса, семинар көздеген үдеден шықты деген сөз. Үйренгенін тәжірибеде қолдану арқылы сапалы өнім шығарса, бәсекеге қабілетті бола түседі. Аталған семинарда химия өнімдері және минералды тыңайтқыштардың қауіпсіздігі қарастырылды. Биыл 11 сәуірде бірінші рет елімізде «Стандарттау» Заңы шығарылатын болады. Соған сәйкес стандарттау және сертификаттау институтына Ұлттық стандарттау органы мәртебесі берілмек. Осыған байланысты мұнда техрегламенттер мен стандарттардағы жаңалықтар  мен оларға енгізіліп жатқан өзгерістер таныстырылды, – деді «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК облыстық филиалының директоры Асқар Мыңбаев. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.

Ұқсас жаңалықтар