Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында бағдарламалық ұстанымдарының дұрыстығын «Nur Otan» партиясы үнемі дәлелдеп келеді. Оны атқарылған нақты жұмыстардан айқын көруге болады. Бір айта кететіні, саяси ұйым құрылғалы бергі 20 жылдың ішінде бастауыш ұйымдары бас партияның негізгі тірегіне айнала білді. Осы кезеңде ішкіпартиялық тәртіпті күшейтуге бірден-бір үлес қосқан да солар. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдарының облыстық форумында айтылды. Форумда талқыға салынған мәселенің бірі елорданың атауын еліміздің Тұңғыш Президенті атауымен ауыстыру шешімі болды. Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Жиынды «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат сөз сөйлеп ашып, еліміздің тәуелсіздігін қалыптастырған, ел астанасын Сарыарқа төсіне көшірген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетіміздің дамуындағы өлшеусіз еңбегін айта келіп, форум делегаттарын ашық пікір білдіруге шақырды. Мінберге шығып, пікір білдіргендердің көпшілігі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің 19 наурызда өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы тарихи шешіміне тоқталмай өтпеді. «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова бұл – жұрт үшін толқулы сәт болғанын айта келіп, Елбасының тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын келешегі жолында еткен еңбегіне тоқталды. «Елбасы – әр уақытта мемлекетті дамудың даңғыл жолына бастаған тұлға. Елдік мүдде үшін бір қадам кейін шегінген емес. Сондықтан Қазақстанның Тұңғыш Президенті құрған «Nur Otan» партиясының мүшелері биік мақсаттар жолында жұдырықтай жұмылып, еңбек етіп келеді. Бұл күнде облыста партияның 69 мыңнан астам мүшесі болса, 337 бастауыш партия ұйымы бар. Жуалы ауданында 30 БПҰ жұмыс істеуде. Барлығы жеке кабинеттермен қамтылған. Жұмысын жүйелі ұйымдастыра білетіндері республикалық бастауыш партия ұйымдарының байқауында үнемі жүлделі орындардан көрініп жүр.
Тәуелсіз еліміздің тарихында Елбасының ерен еңбегі әрқашан жоғары бағаланары анық. Президенттік өкілеттігін тапсырғанымен, Нұрсұлтан Әбішұлы – «Nur Otan» партиясының төрағасы. Сондықтан мен еліміздің жүрегі Астана қаласының Нұр-Сұлтан аталуын толық қолдаймын», – деді ол. Форумда Т.Рысқұлов ауданындағы «Көкдөнен» бастауыш партия ұйымының төрайымы Айгүл Хасеналиева, «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі, Елбасының қолынан қалам алған Болатхан Көптілеуов, Меркі ауданындағы «Қызылтаң» ұйымының төрағасы Ержан Далиев, Шу ауданындағы «Қаратөбе» бастауыш ұйымының жетекшісі Мөлдір Қырықбаева, Сарысу ауданындағы «Шолақтау» бастауыш партия ұйымының төрағасы Бағлан Сұлтанбек, «Дегерес» бастауыш партия ұйымының жетекшісі Рауан Сағындықов Елбасының мемлекет басқару жолындағы 30 жылдық еңбегін сөз етіп, алғысын білдірді. Ел астанасына Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімін беріп, Нұр-Сұлтан деп аталуын бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді. Форум соңында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның және Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық Мәдениет үйінің әншілері патриоттық әндерді шырқап, отаншылдық рухты жани түсті.
Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді