Шын достық
Бір-біріне ешбір қарсы келмеген,
Қажып қалсаң қуат беріп емдеген.
Арамдық та, надандық та, жалған сөз,
Шын пейілді жеңе алмаған, жеңбеген.
Бір-біріне берген серттен танбайтын,
Үзілгенде үміттерін жалғайтын.
Талпынатын, қиындықтан талмайтын,
Жалқаулық пен жамандыққа бармайтын.
Қандай бақыт қасыңдағы үндестік,
Біле-білсең, бұл – мендегі шын достық.
Иә, менің достарым бар осындай,
Бар уақытта бірлікпен біз күн кештік.
Жарасымды, бәрі-бәрі тамаша,
Сен де қосыл, кел, бауырым, қаласаң.
Өнегелі өнер де бар, білім бар,
Біздің орта орда бұзар орасан.
Жау алмайды, дау алмайды дос барда,
Шүкір етем сендермен жол қосқанға.
Достарымды мен теңедім ендеше,
Жұлдыздарға жанып тұрған аспанда.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




