«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жемқорлыққа қарсы жұдырықтай жұмылған абзал

Жемқорлыққа қарсы жұдырықтай жұмылған абзал
ашық дереккөз
Жемқорлыққа қарсы жұдырықтай жұмылған абзал

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз жұмысын бастағалы көп уақыт өте қоймаса да, қолға алған шаралары қазірдің өзінде қоғамдық пікір қалыптастырып үлгерді. Облыс әкімдігінде өткен жиында «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасын әрі қарай жандандыру жолдары талқыланды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары, аталған кеңсенің кураторы Бекболат Орынбековке Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысы Равиль Тюлебаев пен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қайрат Меклисов жоба шеңберінде атқарылатын жұмыстарды жандандыруға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Негізгі назар аударылатын мәселелерді атап көрсетті. Қолайлы орта қалыптастыру үшін ортақ әрі ұқсас міндетті орындайтын мекемелерді бір жерге шоғырландыру туралы сөз қозғалды. Бекболат Серікбекұлы жобалық кеңсенің екінші тоқсанға арналған жоспары бойынша нақты міндеттер мен орындау мерзімдері көрсетілген жоба әзірлеп, оны жүзеге асыру жолдарын қарастыруды міндеттеді. Кеңсе кураторының тапсырмасына сәйкес, енді жобалық кеңсенің кадрлық құрамы қайта жасақталады. Ол 18 наурызға дейін орындалуы қажет. Бұл міндет Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Равиль Тюлебаевқа жүктелді. Ал «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, «Панорама» ақпараттық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайрат Меклисов заң талаптарына сәйкес жобаның көрсетілген блоктары мен бағыттары бойынша жұмыстар жүргізетін болады. Ол сонымен қатар жобалық топтар мен сарапшылық кеңес қызметін үйлестіруді және олардың ақпарат құралдарына жариялануын да бақылайды. – Ай сайын жобалық кеңсенің атқарған жұмысы туралы аймақ басшысымен бірлескен жиналыс ұйымдастырып, есептік ақпарат беріледі. Ендігі жерде одан жобалық кеңсе қызметінің нәтижелері бойынша талдамалық есептік ақпарат куратор және облыс әкімдігі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөліміне апта сайын ұсынылып тұруы тиіс, – деген Бекболат Орынбеков облыстық денсаулық сақтау басқармасы Марат Жұманқұловтың ұсынысы бойынша «Жамбыл – адалдық алаңы» логотипін, тиісті бейнероликтер, буклеттер дайындап, жоба жарғысының көшірмелері мен тиісті ақпараттарды барлық мекемелерге тарату қажеттігін ескертті. Құзырлы мекемелер басшыларына заң талаптарына сәйкес аталған жобаның көрсетілген блоктары мен бағыттары бойынша жұмыс жүргізіп, жауапты тұлғаны бекітіп, аталған кеңсеге ұсынуды міндеттеді. Бекболат Серікбекұлы әр мекеме өздерінің күнделікті атқарып отырған жұмыстарын көрсетсін дейді. Сол арқылы өңір туралы оң пікір қалыптасады. Ал ол үшін жұдырықтай жұмылу қажет.

Альмира Омарова

Ұқсас жаңалықтар