«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Гүлшара Әбдіқалықова кәсіпкерлерге жұмысшыларының жалақысын өсіруге кеңес берді

Гүлшара Әбдіқалықова кәсіпкерлерге жұмысшыларының жалақысын өсіруге кеңес берді
ашық дереккөз
Гүлшара Әбдіқалықова кәсіпкерлерге жұмысшыларының жалақысын өсіруге кеңес берді
Гүлшара Әбдіқалықова кәсіпкерлерге жұмысшыларының жалақысын өсіруге кеңес берді АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Үкіметтің ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған әлеуметтік блогының бірінші басшыларынан құралған жұмыс тобы бүгін ақтөбелік кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбедегі рельс-арқалық зауытына кәсіпкерлер мен аудан әкімдері жиналып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия съезіндегі тапсырмаларының орындалу жолымен танысты. Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет тобы әлеуметтік саланы нығайтуға арналған жұмыс туралы айтып берді.

«Біріншіден, жұмысшылар алдында несиесі болмауы керек. Күн сайын дау-жанжалдын неден басталатын қарап отырамыз. Соның үштен бірі несиеден болып тұр. Екіншіден, еңбек қауіпсіздігі қатаң сақталуы тиіс. Республика бойынша өндірістік жарақат көлемі азайды, дегенмен әлемдік стандартқа жету межесі тұр. Үшіншіден, жалақыны кезең-кезеңімен өсіру керек. Соңғы 10 жылда бюджет қызметкерлерінің еңбекақысы 2,5 есе артты. Бұл жолы шілде айында 30 пайызға өседі. Өндірісте, бизнесте жалақының өскені дұрыс деп есептейміз. Төртіншіден, жұмысшыны қысқартуға жол бермеу керек», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Кәсіпкерлермен кездесу кезінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жоғары бағалады. Сонымен қатар, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге шақырды.

«Біз көпбалалы, мұқтаж отбасылармен кездесуге бардық. Кейбір отбасыға шын мәнінде көмек керек, ал кейбіріне жол сілтеп, бағыттап жіберуге болады. Әйелдер үшін үйде отырып тігу, пісіру секілді кәсіпті бастауға септігін тигізу қажет», - деді Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев өзі облыс әкімі болып жұмыс істеген жылдары кәсіпкерлердің көмек беріп, қолдау көрсеткенін атап өтті.

«Ақтөбе облысының кәсіпкерлері Президенттің жалақыны өсіру тапсырмасын орындап, ең төмен жалақы алатын жұмысшыларының еңбекақысын көтерді. Ірі феррохром, мұнай-газ компаниялары бастап, еңбекақы өсірді. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасуы тиіс. Сонымен қатар, жалақы қарызы болмағаны жөн. Облыста 80 миллион теңге қарыз бар. Қарыз жиналып қалғандардың көбі банкрот болуға жақын тұрған компания», - деді Бердібек Сапарбаев.

Еске салсақ, кеше Ақтөбе облысына Үкімет тобы келіп, жастармен, көпбалалы аналармен кездесу өткізді.

kazinform.kz

 

Ұқсас жаңалықтар