Тілі бірдің – тілеуі бір

Тілі бірдің – тілеуі бір
ашық дереккөз
Тілі бірдің – тілеуі бір

«Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Енді ешкім өзгерте алмайтын ақиқат бар. Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбына емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», – деп Елбасымыз айтқандай, бүгінде тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасын табуда.

Соның бір дәлелі «Нұр Отан» партиясы Шу аудандық филиалының мәжіліс залында түрлі этномәдени орталықтар өкілдерінің мұрындық болуымен өткен «Мемлекеттік тіл бізді біріктіреді» тақырыбындағы дөңгелек үстел. Басқосуға өзге ұлт өкілдері және тіл жанашырлары қатысып, мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел отырысын «Насими» әзірбайжан этномәдени орталығының төрайымы Гульханум Насуруллақызы «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбындағы баяндамасымен ашты. «Егер ертең менің тілім өлетін болса, мен бүгін өлуге дайынмын» деген Дағыстан ақыны Расул Гамзатовтың сөзі өте дұрыс айтылған. Тіл – адамның Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін оятатын рухани азық. Тіл мен патриотизм – егіз ұғым. Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері Отанының мемлекеттік тілін меңгерумен қатар құрметтеуге міндетті. Өйткені, біз сол мемлекеттің нанын жеп, суын ішіп, кең байтақ жеріне аунап-қунап, бейбіт те бақытты ғұмыр кешудеміз», – Г. Насуруллақызы өз сөзінде. Әзірбайжан ұлтының өкілі Гульчехра Эльдарқызы да өз ойын қазақ тілінде өрнектеді. Оның «Тәуелсіз мемлекетімізде 140-тан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өзара түсіністікпен өмір сүруде. Мұның бәрі әрине, жері дархан, қонақжай, мейірбан, үлкен жүректі қазақ халқының арқасы. Бір шаңырақтың астында, бір үйдің баласындай ғұмыр кешіп жатқан халқымыздың болашағы жарқын. Біз алмайтын асу, бағындырмайтын белес жоқ» деген сөздері басқосуға қатысушылардың ортақ ойын аңғартып тұрды.

Жәмила Ақберген.

Шу ауданы.

Ұқсас жаңалықтар