Елбасы тапсырмасына сәйкес, қазір облыста «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесі енгізілуде. Осы мақсатта «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылып, оның құрамы жасақталған болатын. Басшылық міндет «Панорама» ақпараттық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайрат Меклисовке жүктелді. Ал бизнес қауымдастықтың және арнайы мониторингтік топ мүшелері, БАҚ өкілдерінен сарапшылар кеңесі құрылды. Сондай-ақ кеңсе жарғысының тұрмыстық жемқорлықты жою блогының 7 бағыты бойынша жобалық топтардың құрамы бекітіліпті. Соның алғашқысы – білім саласы бойынша жемқорлыққа қарсы қоғамды жұмылдыру бағытында жұмыс басталып та кетіпті. Мәселен, Тараз қаласы және аудандардағы мектеп оқушыларының – 120, балабақша тәрбиеленушілерінің 90 ата-анасын тартып, «WhatsApp» желісі арқылы «Мектеп» және «Балабақша» чаттарын ашқан. Енді олар білім мекемелерінде орын алған келеңсіз оқиғалар бола қалса, осы топқа жазып, хабарлай алады. Бұдан басқа мектептер жанынан құрылған қамқоршылық кеңестерінің құрамын саралап, мониторинг жүргізіліпті. Нәтижесінде кеңес құрамы қағидалардың талаптарына сәйкес еместігі айқындалған. Соған байланысты Тараз қалалық білім бөлімі басшысының бұйрығымен әр мектептегі кеңес құрамына заңгерлер, партияның өкілдері, этномәдени орталықтардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енгізіліпті. Енді мектептерге демеушілер аударатын барлық қаражат бірыңғай шот арқылы өтуін адалдық кеңсесі бақылап отырады. – Жобалық кеңсе Тараз қаласындағы мектеп басшыларының кабинеттерін ғимараттың бірінші қабатына және ауданы үлкен емес бөлмелерге ауыстыру мақсатында 61 білім ошағына зерделеу жүргізді. Нәтижесінде 35-50 шаршы метр аралықтағы кабинетті иемденген 11 мектеп басшысын 11-20 шаршы метрлік алаңға ауысып, кең бөлмені басқа аса қажетті мақсатта пайдаланылуына ықпал еттік. Қазір олар робототехника, бейнелеу өнері, ағылшын тағы басқа сынып бөлмелеріне айналды. Алдағы уақытта осындай жұмыс аудан орталықтары мен ауылдардағы 379 мектепте жүргізіледі, – дейді Қайрат Меклисов. «WhatsApp» желісі арқылы мобильдік қосымша ауруханада стационарлық режімде ем алып жатқан емделушілер үшін де ашылған. Рас, алғашқы чат қалалық №2 ауруханада ғана іске қосылған. Қысқа мерзімде топқа бір шағым түсіп, тиісті басшыларға ескерту арқылы кемшілік жойылыпты. Осындай жұмыстар барлық 7 бағыт бойынша да жүргізілмекші.
Ардақ Үсейінова
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді