«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Болашаққа батыл қадаммен

Болашаққа батыл қадаммен
ашық дереккөз
Болашаққа батыл қадаммен

Өткен жылдар Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті үшін бүкіл әлемде етек алған экономикалық дағдарысты жеңе отырып, еліміздің жаңа экономикалық өрлеуін қамтамасыз етудің кілтін тапқан, ұлтаралық келісімді, ұлттық қауіпсіздікті арттыруда, ел азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсартуда үлкен табыстарға қол жеткізген кезең болғаны баршамызға белгілі. Тәуелсіз Қазақстанды күрделі кезеңде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді сақтаған, бүкіл әлемде бедел мен құрметке қол жеткізген, экономикалық жағдайы күн санап қарыштап дамыған, дамудың өзіндік жаңа жолын тапқан мемлекет ретінде бүкіл дүниежүзі елдері мойындап отыр. Осының барлығы Ұлт Көшбасшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген де, кемеңгер саясатының арқасында мүмкін болғаны бүгінгі күннің шындығы. 

Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тапсырмалық бағдарламасы, партияның «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасы, «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» атты Саяси Доктринасынан айқындалған міндеттерді жүзеге асыруда «Нұр Отан» партиясы Сарысу аудандық филиалының бастамасымен өңірде көптеген жұмыстар атқарылуда. «Нұр Отан» партиясы құрылған кезден бастап-ақ партияның бағдарламасында тұжырымдалған міндеттерді ойдағыдай шешіп келеді. Партиямыздың бағдарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыт көрсетіп берді және ол нақты істермен дәлелденді. Айту керек, партия барлық сынақтарға дер кезінде назар аударып, өз бағдарламасын жетілдіріп отырды. Біз бірігіп өзімізді де, елімізді де өзгерте алдық. Бірақ, қол жеткенге тоқмейілсіп, тоқтап қалуға болмайды. Ел тарихының сапалық жаңа кезеңі басталды, партия Төрағасы, Елбасы Н.Ә. Назарбаев жариялаған реформаларды іске асыру экономиканы жаңғыртып, қоғам өмірін жаңартуға мүмкіндік береді. Олар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында және өзге де мемлекеттік бағдарламаларда көрініс тапқан, «Нұр Отан» партиясы – халықты осы жауапты міндетті орындауға жұмылдыруда шешуші рөл атқарады. Осы миссияға сәйкес партияның жаңа саяси Доктринасында алдағы бірнеше онжылдықтарға арналған негізгі басымдықтар мен міндеттер айқындалған. Бұл құжат – біздің жаңа болашаққа арналған мақсатымызды бекіту, жетістіктерден гүлденуге жетер жолдағы іс-қимылға басшылық. 2050 жылға дейінгі Стратегияны тиімді іске асыру мақсатында партия еліміздің саяси өміріндегі үстем рөлін сақтап қалмақ ниетте. Бұл үшін партия идеологиялық және саяси өмірдегі бәсекеге қабілеттілік деңгейін одан әрі көтеру мүддесін көздеп, өз қызметін жаңғырта беретін болады. Президент ұсынған Стратегия біздің бірлігіміздің негізіне айналуға тиіс. Мұның бәрі түптеп келгенде болашаққа батыл қадам басқан еліміздің ұстанған бағытының дұрыстығын айқындап отырғандығы сөзсіз.

Сағынбек БЕГЕЕВ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Сарысу ауданы.

Ұқсас жаңалықтар