Өткен жыл облыстық мемлекеттік кірістер департаменті үшін табысты болған. Айта кетейік, былтыр өңірімізде мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 108,1 пайызға орындалыпты. Өсу қарқыны 105,4 пайызды құрап, бюджетке 4,4 миллиард теңге артығымен түскен. Ал республикалық бюджеттің кірістері 108,7, жергілікті бюджеттікі 107,8 пайызға орындалып, өсім 113,8 пайызға жеткен. Осының нәтижесінде ел қазынасына 7 миллиард теңге артық түсіпті. Ал сауда айналымы 176 миллион долларға жетіп, 12,4 пайызға артқаны байқалуда. Басқа да салаларда өсім бар. Бұл туралы департамент басшысы Құлмұхамед Исақов Ы.Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінде өткен семинар кеңесте жария етті. Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасы Салық және Кеден кодексіне енген өзгерістер мен толықтырулар туралы салық төлеушілерді толыққанды хабардар ету. Жиында 8 баяндама жасалып, екі бірдей заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірмелер берілді. Баяндамашылардың қатарында облыстық кедендік бақылау департаментінің кедендік бақылау басқармасының басшысы Ардақ Ізбасаров және департаментке қарасты басқармалардың басшылары бар. Салық төлеушілер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісінше жауаптар қайтарылды. Кейбір сұрақтарды департамент басшысының өзі жазып алып, жауабын жазбаша түрде беретіндігін жеткізді. Ал ғимараттың фойесінде жедел жұмыс топтары салық төлеушілерге «бір терезе» қағидасы бойынша салық, кеден заңнамалары жөнінде кеңестер беріп жатты.
Диас МАРАТҰЛЫ.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді