Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында «қарапайым заттар экономикасы», тірек ауылдар мен ауылдық жерлердегі шағын жобаларды дамыту мәселелері қаралды. Онда облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Арнұр Мұхамеджанов баяндама жасап, ұсыныс-жобалар бойынша дайындалған алгоритммен таныстырды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы халыққа Жолдауында «қарапайым заттар экономикасын» қалыптастыру бойынша тапсырма беріп, халқымыздың азық-түлігін, киімі мен басқа да күнделікті тұтынатын заттарын өз елімізде өндіру керектігін ескерткен болатын. Сол арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтып, тұрмысын жақсартудың мол мүмкіндігі айтылған. Бүгінде өңірімізде Елбасы тапсырмасын іске асыру бағытында тиісті шаралар қолға алынуда. Оның маңыздылығын ескерген облыс әкімі Асқар Исабекұлы өңір экономикасын көтерудің бірден-бір тетігі ретінде осы бағытқа айрықша басымдық беріп отыр. Жиында өңір басшысы алдымен әрбір елді мекендерге талдау жүргізіп, әлеуетін анықтап алу керектігін баса айтты. Оның ішінде ауыл тұрғындарының көп тұтынатын өнімдері мен қажет ететін қызмет түрлерін зерделеп, соған орай өндіріс орындарын, шағын цехтар, монша, шаштараз, тігін шеберханаларын ашудың тиімділігіне тоқталды. Тиісті жобаларды аудан, ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып, шынайы мәлімет негізінде ғана әзірлеуді қатаң ескертті. Асқар Исабекұлы елді мекендерде шағын кәсіпорындарды іске қосу, кооперативтер құру арқылы жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу арқылы тұрғындар тұтынатын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік туатынын баса айтты. Жобаларды іріктеуде қажетті шикізат көзі, мамандардың тапшылығы, несиелік жағдайлар да назардан тыс қалмақ емес. Айта кетейік, Елбасы Жолдауындағы «қарапайым заттар экономикасын» дамыту міндеті бойынша облыста нақты жоспар түзілуде. Тиісті жобаларды анықтап, бекіту мәселелері күн сайын қаралуда. Алдағы уақытта бекітілген жобалар бойынша аудан әкімдерімен және тиісті тұлғалардың басын қосып, арнайы жиын өтіп, оларға нақты тапсырмалар жүктелетін болады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді