Ертең Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті – «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың қатысуымен партияның кезекті XVIII съезі өтпек. Ауқымды шарада «Әл-ауқаттық қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарлама қабылданады деп жоспарланып отыр. Осыған орай съезд делегаты, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбекпен сұхбаттасқан едік.
– Уәлихан Болатбекұлы, ертеңгі съезден қандай жаңалық күтесіз?
– «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде бірнеше мәселе қаралмақшы. Солардың бірі әрі бірегейі ретінде келесі онжылдыққа арнап 10 мақсатты жаңа жобаның дайындалғандығын айтқан жөн болар. Аталған бағдарлама дәл осы съезде қабылданбақ. Әрбір қазақстан-дықтың өмір сүру деңгейін арттыруды мақсат тұтқан партияның бұл құжаты әл-ауқаттық қоғам құруды көздейді.
– Биыл – Жастар жылы. Осыған байланысты аталған съезде кейінгі буын өкілдерінің мәселелері көтерілуі мүмкін бе?
– Әлбетте, мүмкін. Өйткені қоғамда жастарға қатысты мәселелер аз емес. Олар – Президент – Партия Төрағасы жиі көтеріп жүрген сапалы білім беру, баспана мен жұмыспен қамтудың жайы. Ауқымды шарада осыларға қатысты тың жаңалық айтылып, өз шешімін табатынына сеніміміз мол. Өйткені жалынды өрендерді партия әрдайым қолдап келген болатын және қолдай береді де.
– Онжылдық бағдар-ламаның жастар саясатын іске асыруға тигізер ықпалы бар ма?
– Жергілікті атқарушы органдар тәрізді жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды жастар саясатымен ұштастыруға партия да өз үлесін қосып келеді. Ал «Әл-ауқаттық қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы жоғары оқу орындарында инновациялық оқытуды, өскелең ұрпақтың білім көкжиегін кеңейту мен өмір сүру сапасын жақсартуды, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жан-жақты дамуын да қамтитын болады. Сондықтан «Нұр Отан» партиясының негізгі бағдары болатын бұл құжатты жастарға қамқорлық жасаудың жаңа қадамы десек, артық айтқандық емес. – Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Альмира ОМАРОВА.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




