«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Таяу онжылдық – жаңа бастамалар кезеңі

Таяу онжылдық –  жаңа бастамалар кезеңі
ашық дереккөз
Таяу онжылдық – жаңа бастамалар кезеңі

Биыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде бас партия жасампаз елдің бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуға, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына көп күш жұмсап, партиялық бағдарламалар аясында кешенді жұмыстар атқарды. «Нұр Отан» партиясының тарихы 1999 жылдың 1 наурызында өткен «Отан» республикалық саяси партиясының І құрылтай съезінен бастау алады. Әр жылдары аталмыш одақ тарихында елеулі өзгерістер орын алып, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында көптеген партиялық жобалар мен бағдарламалар қабылданды. Соның бірі – 2013 жылы 18 қазанда қабылданған партия Доктринасы. Партияның кезектен тыс ХV съезінде тағы бір маңызды оқиға болды. Ол «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының атауы «Нұр Отан» партиясы деп өзгеруі еді. Ел Президенті Н.Назарбаев барлық нұротандықтарға сенім артып, осы тұста «Нұр Отанның» басты міндеттерінің бірі ретінде халқымыздың бірлігін бекемдеу, өзінің саяси көшбасшылығын күнделікті істе дәлелдеу, экономиканы, мемлекетті және қоғам өмірінің барлық бағыттарын жаңғыртудың тағдырлы үдерістерінің басында болуды тапсырды. Ел бірлігі мен тұрақтылықты ту еткен «Нұр Отан» партиясы бүгінде ел аумағында атқарылып жатқан барлық іргелі істерге ұйытқы болып, бақылау жасап отыр. Партияның негізін салушы және оның көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Оның асқан беделінің, көрегендігінің және саяси ерік-жігерінің арқасында «Нұр Отан» жалпыұлттық күшті парламенттік типтегі партияға айналды, ол қазақстандықтардың кең әрі тұрақты қолдауына ие. «Қазақстан-2030» Стратегиясында айқындалған ел дамуының ұзақ мерзімдік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, өткен жылдарға қарасақ, біз Қазақстанның болашақта табысты дамуының негізін салуға қол жеткіздік. Ол елдің экономикалық әлеуетін ұлғайту, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту, азаматтардың әлеуметтік саламаттығын қамтамасыз ету, сыртқы саясатта ғаламдық жаңа бастамаларды іске асыру уақыты болды. Бізде атқарылған игі істер өте көп. Бұл – еліміздің әр азаматының сіңірген еңбегінің нәтижесі. Сол кездегі партия аудандық филиалының басшылары бастауыш партия ұйымдарын құру, саяси кеңес құрамын бекіту, мүшелік қатарына азаматтарды қабылдау жұмыстарын жүргізді. Филиалымыз құрылған шақта құрамы небәрі 200-ге жуық болған. Қазіргі таңда партия мүшелерінің саны 5373-ке жетті. Партия жұмысының бастау алатын орны – ол бастауыш партия ұйымдары. Осы мезетте жаңаруға бет алған партиямыздың жұмысына білек сыбана кірісу, халыққа шынайы қызмет ету бастауыш партия ұйымдарының басты міндеті екенін атап өткім келеді. Бастауыш партия ұйымдарының жұмыстарын жандандыру бағытында бүгінде дәстүрге айналып үлгерген «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауын атап өтуге болады. 2015 жылы «Қорағаты», 2016 жылы «Құлан» БПҰ облыстық сайысқа қатысып, жүлделі орыннан көрінді. 2017 жылы І санат бойынша «Жарлысу» БПҰ аймақтық кезеңге қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Ал былтыр бұл ұйым өңірлік байқаудан бас жүлдемен оралып, республикалық жарысқа қатысты. Мұны тек қана жарлысулықтардың емес, ауданның да үлкен жетістігі деп бағаласақ, артық айтқандық емес. «Нұр Отан» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің өркендеуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жасқарту жолында бастаған жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыратын болады. Таяу онжылдық біздің партия үшін Отан игілігіне бұдан да белсенді жұмыс істеу кезеңі болмақ. Өйткені «Нұр Отан» партиясы – халықтық партия! Ал «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы – мемлекетіміздің өркендеп, қарқынды дамуы мен халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына айрықша ықпал етері ақиқат.

Қанатбек АРЫСТАНБЕКОВ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Т. Рысқұлов ауданы.

Ұқсас жаңалықтар