Біз соңғы жаңалықтардың бәрі тек АҚШ-та бар деп ойлаймыз. Бұл қате пікір. Тіпті АҚШ-тың өзінде жасанды бионикалық қол шығарылмайды. Әлемде жасанды қол шығаратын елдер өте аз. Германия, Ұлыбритания сияқты елдерде бар болғаны он шақты компания жұмыс істейді. Сондықтан мені осы сала қатты қызықтырды. Алайда шетелге шығып оқуға, үйренуге мүмкіндік болмады. Ғаламтор арқылы, тәжірибе арқылы үйрендім. Екі жыл бойы жасаған жобамның нәтижесінде «MBionics» компаниясы құрылды. Қазір қазақстандық нарықта атымызды қалыптастырып келеміз. Сұраныс күн санап артуда. Енді жасанды қол жасатқысы келетін ІІІ топтағы мүгедектер шетелге бармай-ақ, отандық бионикалық протез-қолдың иесі атана алады. Біздің компания өздері өндіретін жасанды қолға кепілдік береді. Біз бірінші кезекте ақша үшін емес, ғылым мен тәжірибе үшін жұмыс істейміз.
ол қандай қызмет тер атқара алады?
Қазір автоматты түрде басқарылатын жасанды қолдың жобасын жасап жатырмын. Себебі, бұрынғы протездерде 20 шақты функция болатын. Оларды ауыстыру және басқару өте көп уақыт алады. Бионикалық қол сенсор арқылы басқарылады. Жасанды қолдың көмегімен қолды ашып-жұмуға, білекті қозғалтуға, компьютер тышқанын басқаруға, күнделікті тұрмысқа қажет құралдарды ұстауға болады. Адамның табиғи қол атқара алатын функциялардың ең маңыздыларын атқара алады.
Болашақта жасанды көз қарашығын жасағым келеді
Ғылым бір жерде тоқтап қалмау керек. Қолға арналған бионикалық протездерді қолданысқа толықтай енгізіп болған соң, жасанды аяқ жасауды қолға алмақпын. Қазіргі таңда жастар арасында да, ересектер арасында да көздің көру қабілеті үлкен мәселеге айналып отыр. Болашақта жасанды көз қарашығын жасап шығаруды жоспарлап отырмын.
Дана Маратова.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді