Үстіміздегі жылдың 4 ақпаны күні Астана қаласында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты жер-жерлерде аз қамтылған отбасылар мен көп балалы аналар жергілікті әкімдіктерге түрлі өтініштермен қайырылуда.
Мемлекет басшысының өрттен қаза тапқан бес баланың отбасына көңіл айтып, барлық өңірдің әкімдеріне құзырлы органдармен бірлесе, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтуді, сонымен бірге тиісті тексерістер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырғаны белгілі.
Осыған байланысты Тараз қалалық әкімдігі жанынан аз қамтылған отбасыларды анықтау және көмекке мұқтаждарына жәрдем көрсету бойынша жұмысшы тобы құрылды. Оның құрамында қалалық әкімдіктің, әлеуметтік қорғау және төтенше жағдайлар қызметтерінің өкілдері бар.
Жұмысшы тобы өз жұмысын бастағалы бері, яғни 7-15 ақпан аралығында қалалық әкімдікке көп балалы 256 ана өтінішпен қайырылған. Олардың 210-ы тұрғын үймен қамтамасыз етуді сұраса, 54-і азық-түлік өнімдері мен өзге де материалдық көмекке мұқтаж. Ал 22-сі денсаулығына байланысты мүгедектікке шығару немесе квотамен қамтамасыз ету, 18-і жер алу, 12-сі тұрақты жұмысқа орналасу мәселелері бойынша қайырылған.
Топ мүшелері бүгінде өздерінің әлеуметтік мәселелері бойынша өтініш білдірген азаматтардың үйлерінде болып, мән-жайды анықтап, зерделеумен айналысуда. Зерделеудің қорытындысына сәйкес арнайы құрылған қордан мұқтаж жандарға тиісінше көмек көрсетілетін болады.
Гүлбахрам ДҮЙСЕКОВА,
Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді