Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында атқарушы биліктің жаңартылған құрамын айқындаған ҚР Президенті Н. Назарбаев алдағы жұмысқа сәттілік тіледі.
«Тұрмысты шалықтатып, тіршілікті түзетін тек - бейбіт өмір, адал еңбек. Жасампаз істер татулық пен тұрақтылық арқылы ғана жасалады. Барды бар ғып, құндылықты қадірлеу әрбір азаматтың міндеті. Ел бірлігі - ең асыл қазына, ең асыл қасиет. Осы асыл қазынаны көздің қарашығындай сақтау тұтас Қазақ елінің алдындағы ұлы парыз», - деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы «Қазақстан-2050» бағытында айқындалған Мәңгілік Ел болу жолында халықтың бүгінгі бағыты жалғасатынын атап өтті. «Осында отырған баршамыз, сондай-ақ барлық қазақстандықтар елдің ертеңі үшін жұмыс істесек, сонда ғана мақсатымызға жетеміз. Бағдарламалар бекітілді, тапсырмалар айқын. Енді тек жұмыс істеу керек. Ендеше сәттілік тілеймін. Барлық қалған жұмыстарды Кәрім Қажымқанұлы тиянақты түрде қарап шығатын болады. Министрліктер мен ведомстволардың алдағы мәселесін де шешеді. Үкімет еш кедергісіз жұмыс істеуіне тиісті шешімдер қабылдайды деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




