Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына қарасты Өңірлік коммуни-кациялар қызметінің баспасөз орталығы жаңа қонысқа көшті. Жергілікті атқарушы органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, БАҚ өкілдері үшін ашық диалог алаңын ұсынып отырған орталық енді нағыз атына заты сай болды. «Баспасөз үйінің» бірінші қабатына көшіп келген облыстық ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі кеше алғашқы брифингін өткізді. «Достық» алаңындағы «Баспасөз үйінде» облыстық «Аq jol» және «Знамя труда» газеттерінің редакциялары орналасқаны белгілі. Міне, енді осы ғимаратқа өңірдегі барлық БАҚ-ты қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін орталық көшіп келді. Жаңа орталықты жөндеу, әрлеу және оған жабдықтау жұмыстары тез аяқталды. Оған ең алдымен ішкі саясат басқармасы басшылығының бастамашы болғанын айта кеткен жөн. Бұл қадам өңір тұрғын-дарын ақпараттандыру ісін алға ілгерілетіп, өңірдің экономикалық және басқа да салаларының дамуына өз үлесін қосады деген сенім мол. Ал облыс журналистері баспасөз орталығының қолайлы жерге қоныстанғанына риза. Өйткені «Баспасөз үйі» Тараз қаласының тура орталығына орналасқан.
«Аq jol-Аqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




