«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тәртіп сақшыларына жүктелер міндет көп

Тәртіп сақшыларына жүктелер міндет көп
ашық дереккөз
Тәртіп сақшыларына жүктелер міндет көп

 width=Қоғамдық тәртіпті сақтауда тәртіп сақшыларына жүктелер міндет көп. Бұл ретте ең алдымен тұрмыстық мәселелердің шешілуі, көпшілікті алаңдатқан қылмыстардың ашылуы, олардың алдын алу шараларын тиянақты түрде атқару маңызды. Кеше облыстық полиция департаменті бастығының өткен жылғы есебін тыңдаған облыс әкімі Асқар Мырзахметов осыны қадап айтты.

Жиында баяндама жасаған аталған департаменттің бастығы Арман Оразалиев алдымен нәтижелі жұмыстарға тоқталып, өңірде қылмыстың төмендегенін жеткізді. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы топ құрылғанын айтып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы іс-шаралар да қабылданғанын тілге тиек етті. Осындай нақты қолға алынған шаралардың арқасында шешімін тапқан мәселенің бірі – Тараз қаласындағы 98 білім мекемесінің мектеп инспекторларымен қамтылғаны. Қазіргі кезде полиция департаменті тарапынан мал ұрлығына қатысты арнайы топ құрылып, аудандарда осы бағыттағы жұмыстар қолға алыныпты. Әрбір қылмыстық дерекпен арнайы топ жекелей айналысуда. Нәтижесінде мал ұрлығы өңірде 39 пайызға төмендеген. Осы мақсатта ұрылардың жолын кесу үшін төрт уәкілетті орган бірігіп, «Фазенда» жедел іздестіру шарасын да қолға алғанын айта кеткен жөн. Жиында жасөспірімдер қылмысы мен мал ұрлығынан бөлек, қалта ұрлығы, қоғамдық көлік мәселелері де көтерілді. Облыс әкімі учаскелік полицияларға өздері жұмыс істейтін ауылда тұруды міндеттеуді тағы да мықтап тапсырды. Өңір басшысы осы мәселеге қатысты нақты тапсырма бергенімен, әлі күнге дейін түбегейлі шешілмей отыр. Бүгінде 60 ауылдың инспекторы жұмыстарын өзге ауылдардан қатынап істейтіні – осыған дәлел. Сонымен қатар түтіні будақтаған қоғамдық көліктердің қозғалысын тоқтату да берілген тапсырманың бірі болғанымен, мәселе нақты шешілмеген. Асқар Исабекұлы атқарылған жұмыстардың өзіндік нәтижесі бар болғанымен, атқарылатын шаруаның аз еместігіне тоқталды. Өңір басшысы учаскелік полициялардың жұмысын бір жүйеге түсіруді, мектеп инспекторларының функционалдық міндетін нақтылауды, жеке құрамның жұмысын күшейтуді тапсырды. Ең бірінші, тұрғындарды алаңдатып отырған мәселелердің алдын алуды бақылауда ұстау тиістігін ескертіп, биыл техникалық базаның біршама жаңартылатынын, соған орай қойылар талап та күшейе түсетінін жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар