Облыс орталығындағы №3 қалалық емхананың жанындағы «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының жиналысында «Партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының» жобасы талқыланды.
Жиналысты №3 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары, «№3 қалалық емхана №37 бастауыш партия ұйымының» төрайымы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Сәуле Қонқашева ашып, жүргізіп отырды. Онда бастауыш партия ұйымының мүшелері, облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы, облыс әкімдігі туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыс бойынша департаменті, облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы, облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы, облыс бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін облыстық туберкулезге қарсы балалар ауруханасының бас дәрігері, партияның қалалық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Қайрат Жетібаев партияның жаңа бағдарламасының жобасымен таныстырды. Ол алдағы уақытта қабылдануға тиіс бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне, қағидаттарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына және бағдарламаны іске асырудағы партия органдарының қызметіне тоқталды. «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы» жобасына қатысты, партияның облыстық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Заң институтының директоры Қайрат Нұрманбетов, облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Айдар Рысбеков, облыстық жастар орталығының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ернұр Мадияров, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі облыс бойынша департаментінің талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Салтанат Мағзымбекова ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Жиналыс соңында бастауыш партия ұйымының мүшелеріне «Нұр Отан» партиясының жаңа үлгідегі куәліктері табыс етілді.
Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді