Жастар жылын ресми түрде ашылған салтанатты жиында Елбасымыз жастар үшін зор мүмкіндіктер жасалып жатқандығын ерекше атап өтті. Елімізде әрбір жастың қолжетімді және сапалы білім алуына, жұмыспен және тұрғын үймен қамтылуына ерекше назар аударылып келеді. Дегенмен ара-тұра түйткілді мәселелер де кездесіп қалып жататын. Бірқатар түйін осы жылы өз шешімін табады деп ойлаймын. Елбасы шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде барлық өңірде «Жас кәсіпкерлер» бағдарламасын әзірлеуді тапсыруы, 14-29 жас аралығындағы азаматтарға қолжетімді бола түсуі қатарластарымды қатты қуантқаны жасырын емес. Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жас маман ауылға барып жұмыс істегенде берілетін 70 айлық есептік көрсеткішті құрайтын жәрдемақының 100 айлық есептік көрсеткішке көбейетіндігі жас мамандарға берілетін зор мүмкіндік екендігі анық. Тәуелсіздік алған 27 жылдың ішінде өзінің еңбегімен зор табыстарға жеткен жас толқын өкілдерін тыңдаған Елбасы бізде жалындаған жастардың көп екендігін көрді. Сонымен қатар егемен ел атанған жылдары Президент бастамасымен дүниеге келген «Болашақ» бағдарламасымен білім алған 12 мың маманның ел дамуы үшін жұмыс істеуі Қазақстанның келешегі зор екендігін аңғартады. Биыл өңірімізде де жастарға зор мүмкіндіктер жасалмақ. Соның бірі – Асанәлі Әшімов атындағы жастарды қолдау шығармашылық орталығының бой көтеріп жатқандығы. Сонымен бірге Жастар аллеясының құрылысы да қызу жүргізілуде. Бұл нысандар әулиеаталық жастарға көрсетіліп отырған үлкен қолдау емей, немене?! Мен де, менің құрдастарым да 2019 жылы өз қатарластарымыздың әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне атсалысатын боламыз. Бақытжан ҚҰТЖАН, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының бөлімше басшысы.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




