«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Халық қалаулысының есебі тыңдалды

Халық қалаулысының есебі тыңдалды
ашық дереккөз
Халық қалаулысының есебі тыңдалды

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің бюро отырысы өтті. Жиында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов күн тәртібіндегі мәселелерге қысқаша тоқталып өтті. Бүгінде халықтың сеніміне ие болған «Нұр Отан» партиясының сан салалы қызметінің үлкен бір бөлігі партия атынан сайланған халық қалаулыларының еншісіне тиіп отырғаны белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін партия атынан сайланған депутат аса зор жауапкершілік жүктейтіні сөзсіз. №1 сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты, партияның облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі Абай Нұржанов өз сайлау учаскесіндегі дауыс берген тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізуді басты мақсатым деп есептейді. «Облыстық мәслихаттың сессия отырыстарына қатысып, бір рет сессия төрағасы болып сайландым және екі рет жарыс сөзге қатысып, өңірде қалыптасқан өзекті мәселелерді мәслихат мінберінде көтердім. Сонымен қатар мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен Кәмелетке толмаған балалар құқығын қорғау жөніндегі комиссиясының мүшесі ретінде өзімнің белсенді азаматтық позициямды ұстана отырып, жасөспірімдердің арасында белең алған кейбір істерді қайта қарауға және тәрбие жұмыстарын жандандыруға белсене қатысып келемін. Партияның облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі ретінде аймақта ішкіпартиялық тәртіптің қатаң сақталуы жолындағы жұмыстарымды тоқтатқан емеспін. «Нұр Отан» партиясы Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша» облыстық комиссия жұмысына төрағалық етемін», – дейді ол. Комиссия жұмысын сапалы ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, орын алған кемшіліктерді түзету мақсатында арнайы рейдтер ұйымдастырып тұратындығын да тілге тиек еткен Абай Құралбекұлы: – Соңғы екі жылда комиссияның 12 отырысы өткізіліп, жергілікті мемлекеттік қызмет көрсету орындарына 46 ұсыныс берілді. Сонымен қатар бұл ұсыныстардың орындалуы туралы арнайы ақпараттар алу тәжірибесі кіргізілді. Сондай-ақ менің депутаттық қызметімнің ең басты бағыттарының бірі – өз сайлаушыларыммен кездесіп, олардың өтініш-тілектері мен ұсыныстарын тыңдауға бағытталған, – деді де, есепті кезеңде өзі сайланған округтің тұрғындарымен 5 рет кездесу өткізіп, қойылған сұрақтарды және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын қарастырғанын да жеткізді. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі бюро мүшелерінің функционалдық міндеттері бөлінісі мен кеңес мүшелерін аумақтық филиалдарға бекіту, облыстық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының құрамы мен төрағасын, филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамы мен төрағасын, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің де құрамы мен төрағасын және облыстық филиалдың XXII есеп беру-сайлау конференциясында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту сынды күн тәртібіндегі 18 мәселені қамтыған басқосуда өзге де жауапты тұлғалар хабарлама жасады. Отырыс соңында жоспарлар мен ережелер бекітілді. Тараз қаласы.

Суретті түсірген Алтынбек Қартабаев.

Ұқсас жаңалықтар