Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметов Астанадан арнайы келген «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамының өкілдерін қабылдады. Қонақтардың қатарында қордың басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Денис Есентаев, менеджер Ильяс Жұматаев және акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалының директоры Бақытжан Исақов бар.
Дәулет Мақсұтұлы даму қорының кәсіпкерлікті дамытуға арналған жаңа бағдарламалары бойынша презентация жасап, оның тиімділіктерін баяндады. Қордың негізгі мақсаты еліміздің стратегиялық даму жоспарын орындауға үлес қосу екендігін айтып, бұл бағытта біршама нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізіп отырғандарын атап өтті. Сондай-ақ қордың жаңа жүйесі бойынша өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық саласы бағытындағы жобаларға қаржы бөлуге дайын екендігін айтып, екінші деңгейлі банктердің қормен белсенді жұмыс жасап отырғандығын тілге тиек етті. Асқар Исабекұлы бұған дейінгі бағдарламалардың жүргізілу тәртібі жергілікті сұраныс берушілерді аса қанағаттандырмағанына тоқталып, негізгі мақсат қалайда өңір экономикасын тиімді жолмен дамыту екендігін баса айтты. Сондай-ақ тиісті қаржы алдымен аудандағы өнеркәсіп салаларын дамытуға бөліну керектігіне назар аудартты. Өңір басшысы бөлінетін қаржы алдымен екінші деңгейлі банктерге түссе, банктер өздерінің несиелік саясатына сай жұмыс жасап, әкімдік шетте қалып қоятынын назарға алды. Асқар Исабекұлы қор өкілдеріне ешқандай екінші деңгейлі банктерсіз, шағын несие беру ұйымдары арқылы жұмыс жасасу шартын ұсынды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




