Нобель сыйлығы иелерінің ішінде қазақтың достайы да жүр
- author «Ақ жол»
- 28 қаңтар, 2019
- 481
«Гуглге» Нобель алған қазақ деп жазып көрсеңіз, Достай Төлемішұлы Раманқұлов деген қазақтың есімін тауып береді. 1960 жылы Түркістан топырағында дүниеге келген Достай Төлемішұлы Раманқұлов туралы дерек аз. Ал ол Вена қаласында тұрады. Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің түлегі. Мәскеуде білім алған. Отбасы бар. Еліміздегі Атом қуаты жөніндегі комитет құрылған кезден бастап жұмыс істеген. Сондай-ақ АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінде ғылыми-техникалық жағынан кеңесші болып та жұмыс атқарған. Ал Нобель сыйлығына 1998 жылы МАГАТЭ ұйымында жұмыс істеп жүріп қол жеткізген. Нобель сыйлығын алған Достай Раманқұлов туралы Сәлімгерей Сұлтанғалиев Ақтау қаласының Құрметті азаматы Совет Татамбаевтың естеліктерінен келтіріп былай дейді: «…Бүкіл дүниежүзі бойынша ядролық қауіпсіздікті сақтаудағы еңбектері жоғары бағаланып, МАГАТЭ ұжымы және оның Бас директоры Мұхаммед әл-Барадей халықаралық Нобель сыйлығымен марапатталды. Айта кететін бір қуанышты жайт, МАГАТЭ бойынша Нобель сыйлығымен марапатталған 11 адамның ішінде біздің жерлесіміз – қазақстандық Достай Төлемішұлы Раманқұлов бар. Д.Раманқұлов – бұрын Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы жөніндегі агенттігінде, кейінірек Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде қызмет атқарды, қазір МАГАТЭ-нің жауапты қызметкері. Нобель сыйлығының Қазақ елінен шыққан бірінші лауреаты. Ең кереметі – берілген жалпы сомасы 1,3 миллион АҚШ долларын құрайтын сыйлықтың 50 пайызы әл-Барадейге тиесілі еді, бірақ ол қаражатты түгелімен Мысырдың жетім балалар үйлеріне, қалған 50 пайызын толығымен ісік ауруымен күрес ұйымдарына аударыпты! Нобель сыйлығын алушылардың қатарына Достай Раманқұловтың қосылуы Қазақстан Республикасының қазіргі және келешектегі атом энергетикасы саласындағы алатын алдыңғы қатардағы орнының бір көрінісі деп те білуге болар». Қазақ халқының да білім мен техникадан кенже қалмағанын Достай сынды азаматтарға қарап аңғаруға болады. Әрине, Нобель сыйлығын өзі жеке алмаса да, 11 адамның ішінде лауреат атану мақтаныш емес пе?!
Марғұлан Ақан.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді