Үмітжан Кебеева, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 3-курс студенті.
«Нұр Әлем» павильонында өткен Жастар жылының ашылу салтанатында сөз сөйлеген құрбы-құрдастарымыздың жалынды ойлары мен ғылым, өнер, басқа да салалардағы қол жеткізген табыстары бізге үлкен ой салғанын айтқан жөн. Бұған дейін сан рет оқталып, жоба ретінде қағазға түсіруге батылдығым жетпесе, енді талапшыл жастың табысқа жететіне көзім жетті. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мен «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақалаларындағы ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздан айнымай өркениетке ұмтылу туралы айтқан өнегелі өсиеттері ұлттық рухымды оятқан еді. Ал Жастар жылы аясында «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асырылатынын естіп, келешекке деген сенімім нығая түсті. Себебі ауылды көркейткен ел еңсе тіктейді. Бүгіндей таза, табиғи азық-түлік қат дүниеге айналған заманда бұл – өте қажет қадам. Бәріміз ауылда өстік. Ауылдағы жұрт еңсе көтеріп, ондағы жастардың кәсіпкерлікпен айналысып, техника тілін меңгерсе, егін және мал шаруашылығын дамытса, біздің елімізде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі туындамайды деп ойлаймын. Өзім болашақ биолог ретінде ауылымның өркендеуіне үлес қоссам деймін.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді