Ержан ӘМІРБЕКҰЛЫ, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры.
Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, жастарға үлкен сенім артатынын көрсетті. Жастар жылының салтанатты ашылуында Елбасы жастар мәселесіне қатысты барлық маңызды басым бағыттарды атап өтіп, нақты тапсырмалар берді. Бізге жүктелер міндет – Президент бастамаларын жүзеге асыру. Қысқасы, сөзден іске көшетін кез жетті. Ол үшін студенттермен ақылдаса отырып, бірлесе әрекет ететін боламыз. Жиында көтерілген Жастар маркетинг министрлігін және Әдебиет академиясын құру секілді ұсыныстар мен бастамалар – қолдауға тұрарлық іс. Біздің университетте де сондай дарынды жастар бар, тек соларды аша білуіміз керек. Оларды демеу керек. Біз жастардың бойындағы күш-қайратты ел үшін тиімді іске пайдалануға тиіспіз. Сондықтан ТарМПУ-да ғылыми орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Ол орталық жастардың ғылыммен айналысуларына мол мүмкіндік туғызатыны сөзсіз. Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторы – жастар. Қазақстанның болашағы жастардың білімдеріне, күш-жігеріне және патриоттық сезімдерінің қаншалықты қалыптасқанына байланысты. Олар мемлекеттегі барлық бастамалар өздерінің бақытты өмірі үшін жасалып жатқанын сезінуі керек. Біз табиғи байлықтарымызды малданып, соны қанағат етіп отыра беретін болсақ, өркениет көшінен қалып кетуіміз мүмкін. Сол үшін біз кез келген салада жастарды қолдауымыз қажет. Өйткені жастардың бойында қайрат, күш бар, олар ақылды, креативті. Жиында Елбасы Қазақстанның 10 университетін үлгі ретінде ұсынуды тапсырды. Сондай университеттердің бірі болу – біздің басты мақсатымыз болмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




