Махметғали САРЫБЕКОВ, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны баршаға мәлім. Бұл мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі жастар мәселесіне бағытталатынын көрсетеді. Бүгін біз осы игі бастаманың салтанатты ашылуына куә болдық. Елбасы талапты, талантты жастарға қолдау көрсету, сондай-ақ ауылды көркейту үшін жаңа жобаларды қолға алып, бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізуді тапсырды. Атап айтсақ, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде еңбек жолын елді мекеннен бастағандарға берілетін көтермеақы көлемі көбейетін болды. Мемлекет қолдауынан жас ғалымдар да тыс қалмайды. Ел Үкіметі, Министрлер мен жергілікті әкімдер Президент атап өткен бағыттарға басымдық беретіні анық. Бірақ жастар әрдайым қашан қолдау көрсетер екен деп, қарап отыра беруге болмайды. Бір байқағанымыз, жиында сөз сөйлегендердің дені – тәуелсіздіктің ұландары. Егемен ел атанғалы өмірге келген жастардың зор жетістік көрсетіп жатқаны қуантты. Бірнеше белсенді жас сөйледі. Жастардың ғылымдағы және әдебиеттегі белсенділігін арттыру жөнінде де ұсыныстар айтылды. Олар Президент саясатын қолдайтынын осылай көрсетіп отыр. Елбасы да бірнеше жаңа жоба жүзеге асырылатынын айтып, бастамашыл жастарға қолдау көрсетіп отыр. Нәтижесінде айтылған ұсыныстардың бәрі сараланып арнайы «Жол картасы» әзірленетін болды. Бұл жиында студенттердің өзін-өзі дамытуына қатысты нақты бағыттар айтылды. Мәселен, республикалық «Өзіңді тап» деген жоба бар. Осы жылы жас ғалымдарға тағайындалатын гранттардың көбейетіні, жас кәсіпкерлерді қолдау аясында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының тағы бес жылға ұзартылатыны, бұл мақсатқа ел қазынасынан тағы 32 миллиард теңге қаржы бөлінетіні – кемел келешегіміз үшін жасалған маңызды қадамдар екенін түсінуге тиіспіз. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар – жастарға үлкен серпіліс берері анық.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді