«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Туризм – экономиканы дамытудың өрісті жолы

Туризм – экономиканы дамытудың өрісті жолы
ашық дереккөз
Туризм – экономиканы дамытудың өрісті жолы

Жамбыл облысында туризм саласы қалай дамуда? Межеленген міндеттер толық орындалған ба? Осы және өзгеде сауалдар төңірегінде жауаптар Жамбыл облыстық туризм басқармасының есепті қорытынды жиынында айтылды. Сондай-ақ басқарма тарапынан атқарылған жұмыстар талқыланып, биылғы жылы орындалуға тиіс шаруалар нақтыланды. Жамбыл облысының туризмі – өңіраралық жеке шекара ынтымақтастығы саласында үлкен әлеуетке ие. Сондықтан да бұл саланы дамытуда бар мүмкіндіктер қарастырылуда. Аталған басқармада өткен жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жеті нысаналы индикатор бекітілген. Межеленген міндеттердің қатарында ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілетін келушілер санын арттыру. Екінші туризмді дамыту бағытында сырттан келетін туристер санын көбейту және туристерге ұсынылған қонақ үйлер мен сервистік қызмет сапасын арттыру. Туризм саласында өткен жылдың тоғыз айының көрсеткіші бойынша аталған индикаторлар Тараз қаласы, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарында толық орындалмаған. Нақтырақ айтқанда қонақ үйлердің жоқтығы, келушілерге дұрыс қызмет көрсетілмеуі тілге тиек етілді. Бұл ретте жауапты мамандар кеткен кемшіліктерді жойып, жұмыс жасаймыз деп сендірді. Өз кезегінде басқарма басшысы Қарлығаш Аралбекова облыс әкімі алдында саладағы кемшіліктерді жіпке тізгендей етіп айтып берді. Өзекті мәселенің бірі аймақта тарихи – мәдени орындардың дені республикалық деңгейдегі нысандар қатарына енгізілген. Бүгінгі таңда «Айша бибі», «Қараһан» кесенесі, «Ақыртас» кешені келушілерге ақылы түрде қызмет көрсеткенімен де, ондағы сервистік қызмет сапасы көпшілік көңілінен шыға бермейді. Ал бұл қасиетті орындар Республика бюджетіне қарағандықтан, оған жергілікті қазынадан қаржы бөлінбейді. Ал облыс әкімі Асқар Мырзахметов бұл мәселені шешу керек екенін айтып, тиісті маманнан жауап алды. Сонымен қатар осы жылы туризм саласын кешенді дамыту бағдарламасы аясында құны 7,401 млрд. теңге болатын 30 жоба қолға алынбақ. Оның бүгінде 7-еуі дайын. Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолы бойында туристерге арналған жол бойындағы сервистік кешендерді ұлттық стандарттарға сәйкестендіру бойынша жұмыстар қолға алынбақ.

Ұқсас жаңалықтар