Жамбылдықтардың өмір сүру ұзақтығы артты
2009 жылмен салыстырғанда жамбылдықтардың өмір сүру ұзақтығы екі жылға дерлік уақытқа ұзарған. Бұл туралы облыстың бас дәрігері Салтанат Омарбекова айтты.
Қазіргі таңда қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 69 жас 9 айды құрайды. 2015 жылдың соңына қарай ол 70,4 жасқа дейін жетеді деп күтілуде, деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігі.
Аталған уақыт аралығында өңірде сәбилердің дүниеге келуі де артқан. Егер 2009 жылы 1000 адамға шаққанда 26 нәрестеден келсе, 2013 жылы ол 26,8-ді құраған. Аналар өлімінің көрсеткіші 2009 жылы 40,88 болса, 2013 жылы 14,8-ге дейін төмендеген.
«Бүгінгі таңда облыста 430 медициналық мекеме болса, оларда 2406 дәрігер халыққа қызмет етеді. Жылына бір науқасқа 70082 теңге көлемінде қаражат жұмсалады. Өткен жылдармен салыстырғанда тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемі де 30 пайыздан жоғары көрсеткішке артқан», - дейді С.Омарбекова.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді