Қазақдиқан ауылында бір кездері «Спутник» деген клуб бар еді. Оның қазіргі сиқы мына суреттегідей. Клуб тұп-тура ауылдың қақ ортасында, жаңадан салынған сәулетті мешіттің түбінде тұр. Оны ауылдың ауқатты азаматы Хантөре Қарабалаев сатып алған екен. Ақтоған ауылдық аймағының әкімі Олжабек Қосыбаев: – Мен әкім болып келгелі де екі жылдың жүзі болды. Ханекеңнің алдына талай бардық, біз ұсынған бағаға сат деп, бірақ көнбей отыр, – дейді.
Иә, қандай баға айтса да кәсіпкердің өз еркі ғой. Бірақ, оны ауыл жастарының жайы, келешегі ойландырса, оңды шешімге келуге келісер. Ал, қазір, бір кездері ауыл жастары көңіл көтеретін орын қой-ешкі үйездейтін «қораға» айналған. Өкінішті-ақ.
Сейсен Қожеке, «Ақ жол».
Қазақдиқан ауылы, Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Тұлғалардың жолданымдары сапалы қаралуы қажет
- 31 наурыз, 2026
Байқаудың облыстық кезеңі аяқталды
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




